Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет152/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   832
Қабынудың этиологиясы 
Қабынуды биологиялық, физикалық (жарақаттық), химиялық факторлар 
дамытып, олар бұл себептердің табиғаты тұрғысынан, эндогендік немесе 
экзогендік болуы мүмкін. 
Биологиялық
себептердің
ішінде маңыздылары: вирустар, бактериялар, 
саңырауқұлақтар 
мен 
паразиттер. 
Биологиялық 
себептер 
тобына 
қанайналымындағы антиденелер мен құрамына, кейде табиғаты микробтық 
емес антиген мен антидене және комплементтер кіретін иммундық кешендерді 
жатқызуға болады. 
Қабынуды дамытатын 
физикалық
факторларға сәулелік және электрлік 
энергияны, жоғары және төмен температураны, әртүрлі жарақаттайтын басқа да 
себептер жатқызылады. 
Химиялық
факторлар 
тобы
 
қабынулық жауапты дамыта алатын әртүрлі 
химиялық заттарды, токсиндер мен уларды қамтиды. 
Қабыну үдерісінің бейнесіне этиологиялық факторлардың ғана емес, организм 
реактивтілігінің (жауабының) ерекшелігі де әсер етеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
137
Қабынудың морфологиясы мен патогенезі 
Қабыну
микроскопиялық ошақтар түзіп немесе белгілі бір жерді ауқымды 
қамтып, ошақты ғана болмай, диффузды сипатта да дамиды. Бірде белгілі бір 
тіндік
 
жүйеде
 
дамып, 
жүйелік
(дәнекер тін жүйесін зақымдайтын 
ревматизмдік ауруларда) деп аталады. Енді бірде, қабынудың шектеулі 
(локальді) немесе жүйелік екенін ажырату қиын болады. 
Қабыну 
гистионда 
дамып, біртіндеп бірі екіншісіне ұласатын, сабақтас үш 
фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік және гистиогендік 
жасушалар, кейде паренхималық жасушалар да көбейетін – пролиферация 
үдерістерінен қалыптасады. Бұл фазалардың өзара сабақтастығы IX тәсімде 
бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет