Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет157/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
141
63-сурет. Лейкоциттердің қабынулық ошақтағы қан тамырының сыртына шығуы (эмиграция): 
а —бір нейтрофил (H
1
) эндотелийге (Эн) жабыса жайғасқан, ядросы (Я) айқын бейнелі екінші нейтрофил (Н
2

эндотелий (Эн) арқылы өтуде; оның басым бөлігі эндотелийлік қабаттың астында. Эндотелийдің сол жерінде 
үшінші лейкоциттің (Н
З
) псевдоподиясы көрінеді; Қс — қан тамырының саңылауы. 9000; б —эндотелий мен 
базал мембрананың (БМ) арасында ядросы (Я) айқын бейнелі нейтрофил (СЛ) жайғасқан; эндотелийлік 
жасушаның жапсары (ЭнЖ) мен базал мембарананың сыртындағы коллаген талшықтары (КлТ). 20 000 
(Флор мен Гранттан).
 
Фагоцитоз
(грекше: 
phagos
– обыр; 
kytos
– қойма) – жасушаның (фагоциттің) 
тірі (бактерия) немесе өлі (бөгде) денелерді сіңіру үдерісі. Фагоциттік әрекеті 
әртүрлі жасушалар атқара алады. Дегенмен, қабыну үдерісінде нейтрофилдер 
мен макрофагтар ерекше орын алады. 
Фагоцитоз бірқатар биохимиялық реакциялар арқылы жүзеге асады. 
Фагоцитоз кезінде фагоциттің цитоплазмасында анаэробтық гликогенолиз үдеп, 
гликоген жұмсалып, фагоцитозға қажетті энергия бөлінеді. Гликогенолизді 
тоқтататын заттар фагоцитозды да тежейді. 
Сіңірілетін зат (бактерия) мен жасуша мембранасының оны орап алған бөлігі 
цитоплазманың ішіне қарай батып, фагосома түзеді. Ол лизосомамен қосылып 
фаголизосома
түзеп, құрамындағы гидролиздік ферменттерімен жасушаға 
түскен заттарды қорытып, жояды (
толық
фагоцитоз
). Толық фагоцитоздың 
жүзеге асуында нейтрофилдер лизосомасындағы антибактериялық катиондық 
белоктардың маңызы зор; микробты өлтіріп, қорытады. Кейде фагоцит, әсіресе 
микрофаг қорыта алмаған микроб жасуша цитоплазмасында көбейеді (
шала
фагоцитоз
, немесе 
эндобиоцитоз; 
64-сурет). Бұның бірқатар себептері бар; 
солардың бірі – макрофагтың лизосомасында антибактериялық катиондық 
белоктардың жеткіліксіздігі немесе мүлде болмауы. Сонымен, фагоцитоз 
қорғанысты үнемі қамтамасыз ететін үдеріс емес, кейде ол микробтың бүкіл 
организмге жайылып (
диссеминация
) кетуіне қолайлы жағдай туғызатын да 
жауап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет