Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Қабынудың терминологиясы мен классификациясы



Pdf көрінісі
бет160/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   832
Қабынудың терминологиясы мен классификациясы 
Көбіне белгілі бір тін немесе мүшенің қабынуын атау үшін, оның латынша 
немесе грекше атауына – 
itis
, ал қазақша немесе орысша атауына – 
ит
суффиксі 
жалғанады. Мысалы, кеуде қуысының сірі қабықшаcының қабынуы – 
pleuritis
– 
плеврит, бүйректің қабынуы – 
nephitis
– нефрит, қызыл иектің қабынуы – 
gingivitis
– гингивит деп аталады. Кейбір мүшелер қабынуының арнайы атауы 
бар: айталық, бадамша бездің қабынуы – ангина (баспа) (грекше: 
ancho
– 
тұншықтыру, басамын), өкпенің қабынуы – пневмония, дененің кейбір 
қуыстарына ірің жиналуы – 
эмпиема
(мысалы, плевра эмпиемасы), шаш (түк) 
фолликулдарымен қоса, оның төңірегіндегі май безі мен тіндердің қабынуы – 
фурункул
(латынша: 
furare
– ашулану) деп аталады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
144
Классификациясы. 
Қабынудың 
классификациясында 
ағымы 
және 
морфологиялық нысанын ажырату үшін экссудация немесе пролиферация 
фазасының басымдығы ескеріледі. 
Қабыну үдерісі ағымы тұрғысынан

жедел

жеделдеу
және 
созылмалы

экссудациялық және пролиферациялық фазаның 
өзара басымдылығына қарай

экссудациялы
және 
пролиферациялы
(өнімдік) 
қабыну деп жіктеледі. 
Соңғы кезге дейін қабынудың экссуадация мен пролиферация фазаларынан 
альтерация басым болатын, 
альтерациялы нысаны
ажыратылатын-ды. Қазір 
патологтардың көбі альтерациялы қабынуды жоққа шығаруда; өйткені олардың 
пікірінше, альтерациялық қабынудың құрамында, оның негізгі мәні болып табылатын, 
қантамырлық-мезенхималық (экссудация мен пролиферация) жауап онша айқын емес. 
Олай болса, ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет