Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет174/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
155
тапшылығы тектес синдром орын алады. 
Иммунитеттің жүре болатын 
тапшылығы көбіне жастау ересектерде дамиды; оларда бүйрекүсті безінің 
созылмалы жеткіліксіздігі орын алып, тума тимомегалияға тән өзерістер 
байқалады. 
Тимомегалиямен сырқаттардың өліміне инфекциялық және инфекциялық-
аллергиялық аурулар себеп болады. Эндокриндік өзгерістер орын алса, стрестің 
әсерінен (дәрігерлік және хирургиялық шаралар) науқастар кенеттен қаза болуы 
да мүмкін. 
Бұрындары тимомегалияның дамуына айыршық бездің тума гиперплазиясы 
себеп болады деп есептеліп, ол өзгерістер «тимус-лимфатикалық ахуалға» 
баланатын. Бұл түсінік түбегейлі тұрғыдан қате деп танылып, «тимус-
лимфатикалық ахуал» ұғымы медициналық қолданыстан шығып қалды. Қазір 
ол басқаша пайымдалып, әр текті иммундық-эндокриндік дисфункцияның мәні 
деп есептеледі. 
Айыршық 
бездің 
лимфоидтық 
фолликулдарының 
гиперплазиясы
аутоиммундық ауруларға тән. Айыршық бездің паренхималық бөлікшелерінің 
төңірегіндегі кеңістікке В-лимфоциттер, плазмалы жасушалар шоғырланып
әдетте болмайтын фолликулдар қалыптасады. Тимустық гормондар көбеюі де, 
азаюы 
да 
мүмкін. 
Айыршық 
бездің 
лимфоидтық 
фолликулдары 
гиперплазиясының аутоиммундық аурулардың патогенезіндегі мәні әлі 
анықталмаған. Болжам бойынша, айыршық бездің зақымы аутоиммундық 
аурулардың даму себебінің бірі, немесе ол зақым салдарлық үдеріс

ИММУНОГЕНЕЗ БҰЗЫЛҒАНДА ШЕТКІ ЛИМФОИДТЫҚ ТІНДЕРДЕ 
ДАМИТЫН ӨЗГЕРІСТЕР 
Шеткі лимфоидтық тіннің иммунгенез бұзылуына тән өзгерістері антигенмен 
демдегенде және лимфоидтық тін тума жеткіліксіз болғанда байқалады. 
Организмді антигенмен демдегенде
(сенсибилизация) шеткі лимфоидтық 
тінде байқалатын өзгерістер, әдетте біртекті, яғни 
макрофагтық жауап 
және
 
лимфоциттер плазмалы жасушаға айналатын гиперплазия 
байқалады. Бұл 
өзгерістермен қоса, микротамырлардың өткізгіштігі артып, суланып ісінген 
интерстицийге белокты-полисахаридты (ШИҚ-болымды) заттар жиналады 
(тіндік диспротеиноз). Иммунгенездің, әсіресе антидене (иммунглобулин) 
түзілуінің пәрменділігі лимфоидтық тіннің макрофагтар мен плазмалы 
жасушаларға айналу қарқынына сәйкес болады. 
Антиген әсер еткен кездегі өзгерістер лимфалық түйіндер (әсіресе, антиген 
түскен аймақтың) мен талақта айқын бейнелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет