Нуржігіт Алтынбеков
161
тірі адамнан немесе мәйіттен алған аллотрансплантантты да (реципиент пен
донор жат) пайдалануға жол ашады.
АУТОИММУНДАНУ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ АУРУЛАР
Аутоиммундану
(аутоаллергия, аутоагрессия) – иммундық жүйенің өз
тіндерінің қалыпты антигендеріне қарсы жауабы.
Аутоиммундану мен
иммунологиялық толеранттылық
(латынша:
tolerare
—
төзім) өзара тығыз байланысты ұғымдар. Иммунологиялық толеранттылықтағы
(«төзімділіктегі»)
лимфоидтық
тін
иммундық
жауап
туындататын
антигендердің әсерін жауапсыз қалдырып отырады. Жетілу барысында
лимфоидтық тінде көздің, қалқанша бездің, шәуһет өзегенің, бүйрекүсті безінің,
ми мен жүйкелік сабақтардың тіндерінен басқа мүшелер мен тіндердің
антигендеріне иммунологиялық толеранттылық қалыптасады. Бұл мүшелер мен
тіндер лимфоидтық тіннен арнаулы физиологиялық бөгенмен шектелген,
сондықтан иммункомпетенттік жүйеде оларға қатысты толеранттылық
қалыптаспайды деп есептеледі. Жаңа туған нәресте иммундық жүйесінің «жат»
пен «өз» тіндерінің антигендерін ажырата алатын қабілет туғаннан кейінгі
бірнеше аптаның ішінде қалыптасады. Аутоантиденелердің шамалы мөлшері
өмір бойы толассыз түзіліп, организмнің бірқатар әрекетін реттеуге қатынасып
отыратын сияқты. Олардың әсерін Т-супрессорлар мен антиидиопатиялық
антиденелер қадағалап, аутоиммундық үдерістердің дамуына жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: