Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет183/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
162
арқылы жауап береді. Мүшелерде ГБТ-ға тән морфологиялық өгерістер дамып, 
тінін лимфоцитті инфильтраттар жайлайды, паренхималық элементтері 
жойылып, ақырында склероз өрістейді. Бұл топқа тиреоидит (Хасимото ауруы, 
80-
сурет
), энцефаломиелит, полиневрит, шашыранды склероз, идиопатиялық 
Адиссон ауруы, асперматогения, симпатикалық офтальмия кіреді. 
80-сурет. Хасимото тиреоидиті:
а —тінін лимфоциттер жайлаған қалқанша бездің паренхималық 
элементтері зақымалған (микробейнесі); б — фолликулдық жасушалардың (ФЖ) арасы арқылы көшкен 
лимфоцит (Лц); лимофоцит пен фолликулдық жасушалардың цитоплазмалық өскінділері өзара өріліп, 
түйіскен жерлер. ФС —фолликулдың саңылауы. Электронграмма. 10 000 (Ирвин мен Мурудан).
 
Екінші топты
органбейспецификалық аутоиммундық аурулар құрайды; 
лимфоидтық жүйе иммунологиялық гомеостаздың дұрыс реттелуін қамтамасыз 
ете алмайды. Аутоиммундану үдерісі көптеген мүшелер мен тіндердің өзіндік 
ерекшелігі жоқ, парентералдық жолмен дарытқанда антидене өндіре алмайтын 
антигеніне қарсы бағытталған. Бұл мүшелер мен тіндерде гиперсезімталдық 
жауаптың баяу типіне де, әсіресе жедел типіне де тән морфологиялық 
өзгерістер орын алады. Аутоиммундық аурулардың бұл тобына жүйелік қызыл 
ноқта, ревматоидтық артрит, жүйелік склеродермия, дерматомиозит, яғни 
ревматизмдік аурулар тобы мен салдарлық тромбылы тромбоцитпениялық 
пурпура (Мошкович ауруы) жатқызылып жүр. 
Аутоиммундық аурулардың 
аралық типі
бар. Бұл топтың аурулары бірінші 
топтың да, екінші топтың да аутоиммундық ауруларымен ұқсас. Олар: 
миастения гравис, қантты диабеттің I типі, Шегрен және Гудпасчер 
синдромдары, т.б. 
Сипатталған 
аутоиммундық аурулардан 
басқа иммундық өзгерісті аурулар 
тобы бар. Бұл аурулар кезінде антиген мүшелер мен тіндердің антигендік 
қасиеті өзгереді: тіннің белогы денатурацияланады (күю, сәулелік әсер, 
жарақат, созылмалы қабыну, вирустық инфекция); бактерияның әсерінен 
қайшыласа әрекеттесетін антигендер түзіледі (мыс.: гломерулонефрит, 
ревматизм кезінде). Аутоантигеннің түзілу үдерісінде гаптендік механизмнің 
маңызы зор. Гаптеннің рөлін заталмасулық өнімдер мен микроорганизмдер, 
токсиндер мен дәрі-дәрмектер атқарады. Бұл жағдайда аутоиммундану ауру 
дамытпайды, бірақ 
гиперсезімталдық жауаптың баяу
немесе жедел типінің 
морфологиялық бейнесіне 
тән жергілікті (мүшелік) өзгерістер өршімелі 
сипатта
дамиды. Бұл топқа гломерулонефриттің, гепатиттің, созылмалы 
гастрит пен энтериттің белгілі бір нысандары, бауыр циррозы, күйіктік ауру, 
аллергиялық анемия, тромбоцитпения, агранулоцитоз, дәрі-дәрмектік аллергия 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет