Нуржігіт Алтынбеков
204
құрылымдары кейде бүрлі өсінділер қалыптастыратын призмалық немесе текше
жасушалардан түзіледі. Ісіктегі безді құрылымдар мен строманың үлесі әртүрлі.
Егер ісіктің паренхимасынан стромасы басым болса, оны
фибраденома
деп
атайды. Эпителий кешенділігі мен полярлылығын сақтап, өзінің мембранасында
жайғасады. Аденома жасушаларының морфологиясы мен қызметі өзі өнген
тінге ұқсайды. Құрылысының ерекшелігіне сәйкес аденоманың, фиброаденома
мен аденомалы полиптен басқа мынандай түрлері болады: бездің альвеолалық
паренхимасынан өнетін –
ацинусты
, яғни
альвеолалы
аденома
; бездік
өзекшелер түзетін –
тубулалы
аденома (101-сурет); тізбектер түзетін –
трабекулалы
аденома; қуыстар түзетін –
кисталы
аденома (
цистаденома
) және
бүрлі өсінділер қалыптастыратын –
бүрлі
(
папиллалы
) аденома (102-сурет).
Аденома карциномаға ұласуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: