Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет232/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   832
3. Дизонтогенездік теория
(
disontogenesis
– кемісті даму) Ю. Конгеймнің 
(1839–1884) 
теориясы. Бұл теория бойынша, ісіктер бірқатар факторлардың 
«итермелеген» әсерінен ұрықтың қалыпты орнынан «тайған» жасуша-тіндік 


Нуржігіт Алтынбеков 
202
құрылымдары мен ауытқи дамыған тіндерінен пайда болады. Бұл теорияға 
сүйеніп, ісіктердің шамалы ғана бөлігінің даму себебін түсіндіруге болады.

4. Полиэтиологиялық теория
әр алуан (химиялық, физикалық, вирустар
паразиттер, дисгормондық және б.) факторларға мән бере отырып, олардың 
кешенді әсері жасушалардағы заталмасулық үдерісті терең бұзып, ісіктік 
жасуша клонадарын қалыптастырады деп есептейді. 
Жоғарыда аталған теориялардың бәрін полиэтиологиялық теория біріктіретін 
сияқты. Қалыпты жасушаның ісіктік жасушаға айналу механизмі шешілген 
мәселе деуге болмайды. Ал ісік проблемасының ең күрделі мәселесі – оның 
даму себебін түсінудің түпкі түйіні – тап осы мәселенің шешімінде. Ісіктік 
жасуша түрлі факторлардың әсерінен мутацияға ұшырап, яғни геномы күрт 
өзгеріп, жасушаның тұқымқуалайтын нышанын өзгерткенде және ісіктік 
жасушалар клоны пайда болғанда қалыптасатын сияқты. 
Ісіктердің классификациясы мен морфологиясы 
Ісіктердің қазіргі классификациясы, олардың морфологиялық құрылысын
дамыған орнын, жеке мүшелердің құрылыстық ерекшеліктерін, қатерсіз немесе 
қатерлілігін ескеріп, гистогенездік ұстанымға негізделе құрылған. Бұл 
классификацияны Халықаралық карциномаға қарсы күрес бірлестігінің ісіктер 
номенклатурасының Комитеті ісіктерді атауда барлық елдерде үндестік болу 
үшін ұсынған. Бұл классификацияда ісіктер 200-ден астам атауларды қамтитын 
7 топқа жіктеген. 
I. Дамитын орны бейспецификалы (органбейспецификалы) эпителийлік 
ісіктер. 
II. Экзо- және эндокриндік бездер мен эпителийлік жамылғылардың 
(органспецификалы) ісіктері. 
III. Мезенхималық ісіктер. 
IV. Меланинтүзетін тіннің ісіктері. 
V. Жүйке жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері. 
VI. Қан жүйесінің ісіктері. 
VII. Тератомалар. 
Осы классификация негізінде эпителийлік ісіктерді органспецификалы және 
органбейспецификалы деп бөлуге қазір негіз жоқ, өйткені эпителийлік 
ісіктердің көпшілігінен органспецификалық таңбалар табылған. Бұл мәселенің 
ісіктердің морфологиялық дигностикасындағы маңызы өте зор. 
Төменде әр топты ең айқын бейнелейтін ісіктер сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет