Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет346/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
291
артериялар мен микроциркуляциялық арнаның тамырлары және веналар 
зақымдалады. 
Мүшелер
мен 
тіндер
васкулиттен салдарлық тұрғыда 
өзгеріп
, инфаркт, 
постинфарктілік іріошақты немесе ишемиялық ұсақошақты склероз дамиды, 
паренхималық элементтер семіп, гангреналы және қанды ошақтар пайда 
болады. Белгілі бір мүшені қоректендіретін тамырда өрістеген васкулиттің 
жалпы әсері болуы да мүмкін. Мысалы, васкулит бүйрек артериясын шарпып, 
бүйректік гипертензия дамытса, өкпе артериясын жайлап, кіші қанайналымы 
шеңберіндегі гипертонияға және өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне себеп 
болады, ал терінің қан тамырларында өрістеп, геморрагиялық диатез 
туындатады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Біріншілік васкулиттердің басым көпшілігінің 
даму себебі белгісіз. Біріншілік және салдарлық васкулиттердің патогенезі 
антигендердің әсеріне қарсы гиперсезімталдық жағдайында өрістеген 
иммундық жауапқа негізделеді. Гиперсезімталдық механизмінің басым типіне 
қарай, жүйелік васкулиттер: 1) гиперсезімталдықтың жедел типінің 
васкулиттері, 2) гиперсезімталдықтың баяу типінің васкулиттері және 3) 
гиперсезімталдықтың аралас типінің васкулиттері деп үш топқа бөлінеді. Егер 
васкулиттің даму барысында (тамырлардың қабырғасын иммунды кешендер 
зақымдап) басты орынды гиперсезімталдықтың жедел типі алса, альтерациялық 
(фибриноидты өзгерістер, тіпті некроз) және экссудациялық (қан тамырының 
қабырғасында түрліядролы лейкоциттер мен макрофагтар шоғырланып) 
үдерістер басым болып, деструкциялық (некрозды) васкулит, көбіне некрозды 
артериит (түйіншекті периартериит, Вегенер синдромы, аллергиялық 
гранулематоз, ревматизмдік васкулиттер, «гиперсезімталдық ангииті») дамиды. 
Ал гиперсезімталдықтың баяу типінде жасушалы жауап басым болады да, 
лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланып, гранулемалар түзіледі, сөйтіп 
пролиферациялы васкулиттің гранулемалы типі байқалады (Такаясу ауруы, 
Хортон ауруы). Гиперсезімталдықтың жедел типіне негізделген деструкциялы 
васкулиттер, әдетте жедел ағымды болса, гиперсезімталдықтың баяу типімен 
байланысты пролиферациялы, гранулемалы васкулиттер жеделдеу немесе баяу 
ағымды келеді. 
Жүйелік васкулиттердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет