Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет347/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   832
классификациясында
оның этиологиясы мен 
патогенезі, нозологиялық тегі, қабыну үдерісінің сипаты мен ауқымы
зақымдалған тамырдың морфологиялық типі және аурудың клиникалық бейнесі 
(органдық патологиясы) қай мүшенің зақымдалуымен байланысты екендігі 
ескерілген (Серов В.В., Коган Е.А., 1982). Ал, нозологиялық тұрғыдан 
васкулиттер біріншілік және салдарлық топқа жіктелген.
Ж
ҮЙЕЛІК ВАСКУЛИТТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
(В.В.
 
С
ЕРОВ ПЕН 
Е.А.
 
К
ОГАННАН
,
 
1982) 
А. Біріншілік васкулиттер. 
I. 
Қолқа мен оның ірі тарамдарын басымырақ зақымдайтын және алып жасушалы 
гранулемалы жауап байқалатын: бейспецификалы аортоартериит (Такаясу ауруы), 
самайлық артериит (Хортон ауруы). 


Нуржігіт Алтынбеков 
292
II.
Орта және кіші калибрлі артерияларды басым зақымдайтын және деструкциялы-
пролиферациялы жауап байқалатын: 1) түйіншекті периартериит; 2) аллергиялық 
гранулематоз; 3) жүйелік некрозды васкулит; 4) Вегенер гранулематозы; 5) тері 
мен кілегейлі қабықшалар зақымдалатын лимфалық синдром. 
III.
Кіші калибрлі артериялар, микроциркуляциялық арна тамырлары мен веналар 
басым зақымдалатын: облитерациялы тромбангит (Бюргер ауруы). 
IV.
Түрлі калибрлі артериялар зақымдалатын — аралас (классификацияланбайтын) 
нысан. 
Б. Салдарлық васкулиттер. 
V.
Инфекциялық 
ауруларда 
дамитын: 
1) мерездік; 
2) туберкулездік; 
3) риккетсиялық, оның ішінде бөртпе сүзектік; 4) сепистік; 5) тағы басқалар. 
VI.
Дәнекер тін жүйесінің ауруларында дамитын: 1) ревматизмдік; 2) ревматоидтық; 
3) жүйелік қызыл ноқталық (люпустік). 
VII.
«Гиперсезімталдық» васкулиттер: 1) сарысулық ауру; 2) Шенлейн–Генох 
пурпурасы; 3) эссенциялық аралас криоглобулинемия; 4) қатерлі ісіктік. 
Біріншілік 
жүйелік 
васкулиттердің 
ішінде 
ең 
маңыздылары: 
бейспецификалық 
аортаартериит, 
түйіншекті 
периартериит, 
Вегенер 
гранулематозы және облитерациялы тромбангит. Ал салдарлық васкулиттер 
инфекциялық және ревматизмдік ауруларға арналған тарауларда берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет