Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет479/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   832
кешендер
мен 
антиденелердің
бүйрек шумақтарына тікелей әсері себеп 
болады. Ол өте жылдам дамып, тез арада бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне 
ұшыратады, сондықтан оны 
өте өршімелі гломеруланефрит
немесе 
қатерлі
гломеруланефрит
деп те атайды. Гломеруланефриттің бұл нысанына 
экстракапиллярлық пролиферациялы үдеріс тән; ол — 
экстракапиллярлық 
пролиферациялы гломеруланефрит
. Шумақтардың қабықшасындағы эпителий 
(нефротелий), подоциттер мен макрофагтар көбейіп, («айшық») құрылымдар 
қалыптасады, олар капиллярлар иірімін қысып тастайды (225-сурет). 
Капиллярлар иірімін некроз шарпып, саңылауларында фибринді тромбылар 
түзіледі. Капиллярлық мембранадағы микрошұрықтар арқылы фибрин шығып, 
шумақтардың саңылауына шоғырланады. Фибрин шоғырларының әсерінен 
шумақтағы эпителийлік («айшықтар») фиброзды бірікпелерге және гиалинді 
аймақтарға айналады. Шумақтармен қатар нефроциттер де өзгеріп, бүйректің 
стромасы су сіңіп ісінеді, онда жасушалар шоғырланады. Тез арада шумақтарда 
склероз бен гиалиноз өрістеп, бүйректің өзекшелері семеді, стромасын фиброз 
жайлайды.
225-сурет. Экстракапиллярлық 
пролиферциялы гломеруланефрит. 
Көбейген нефротелий мен 
подоциттерден түзілген «жартыайшық». 
Жеделдеу гломеруланефриттен бүйрек ұлғайып, жұмсарады; оның қыртыстық 
қабаты қошқыл қызыл түсті милық қабатынан айқын шектеліп, ісініп, 
қалыңдайды, қызыл дақты, сарғыштау боз түсті, көмескі болады (
ұлғайған 
шұбар бүйрек;
түрлі түсті қосымша беттегі 226-суретті қара), кейде 
толыққанды, қызыл пирамидалармен тұтасып кетеді (
ұлғайған қызыл бүйрек
).
226-сурет. Жеделдеу (өте өршімелі) гломеруланефрит — ұлғайған шұбар бүйрек. 
Созылмалы гломеруланефрит 
латентті (білінбей) немесе рецидивті 
(қайталамалы) сипатта дамитын дербес ауру; кейде бірнеше жылға созылып, 
бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады. Оның даму себебі 
көбіне белгісіз, бірақ даму механизмі терең зерттелген: 80—90%-ы 
қанайналымындағы иммундық кешендердің әсерімен тығыз байланысты. 
Созылмалы гломеруланефриттің екі негізгі морфологиялық нысаны бар: 
мезангийлік және фибропластикалы (склерозды). 
Мезангийлік гломеруланефрит
эндотелийдің астына және мезангийге 
иммундық 
кешендер 
шөгіп, 
соған жауап 
ретінде 
мезангиоциттер 
көбейгендіктен дамиды. Шумақтағы тамырлық иірімдердің мезангийі кеңіп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет