Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет487/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   832
Протеинуриялық кезеңде
амилоид пирамидаларда ғана түзіліп қоймайды
оның ұсақ тұнбалары шумақтағы мезангийлер мен кейбір капиллярлардың 
иіріміне, сондай-ақ артериолалардың іргесіне шоғырланады. Склероз бен 
амилоидоз пирамидалар мен аралық қабатты қамтиды, тереңдегі нефрондар 
семгендіктен, осы құрылымдардың жұмысы тоқтап, юкстамедуллалық аймақта 
қан ағысы, бүйректің милық қабатында лимфа ағысы тежеледі. Өзекшелердің 
негізгі бөлімдерінің эпителийінде гиалин-тамшылы немесе вакуольді 
дистрофия дамиды, саңылауында цилиндрлер болады. Бүйрек ұлғайып, 
қатаяды, үсті ақшыл боз яки сарғыштау боз келеді. Кескенде бүйректің 
қыртыстық қабаты қалың, күңгірттеу, ал милық қабаты бозғылт қызылдау, 
«майлы», кейде көгеріңкі екені байқалады (
ұлғайған майлы бүйрек
). 
Нефроздық кезеңде
бүйректе амилоид тұнбалары көбейе түседі. Амилоид 
шумақ капиллярлары иірімдерінің біразына, артериололар мен артериялардың 
іргесіне, өзекше мембраналарының өне бойына жиналады. Бірақ бүйректің 
милық қабатында склероз байқала қоймайды. Ал пирамидалар мен 
интермедиалық аймақта, керісінше, склероз бен амилоидоз үдерістері 
диффузды өрістейді. Өзекшелер кеңейіп, саңылауын цилиндрлер бітеп 
тастайды. Эпителий мен стромаға липидтер (холестерин) жиналады. 
Өзекшелердің эпителийінде майлы дистрофиямен қатар, гиалин-тамшылы және 
вакуольді дистрофия байқалады. Бүйректің кескіні амилоидты-липоидты деп 
аталатын нефрозға тән болады: ол ұлғайып, қатаяды, балауыз тәрізденеді, — 
ұлғайған амилоидты ақ бүйрек

Азотемиялық (уремиялық) кезеңде
амилоидоз бен склероз өрши түсіп, 
нефрондардың көбі жойылады; олардың орнын дәнекер тін жайлайды. 
Кішірейіңкіреп, өте қатайған бүйректің үстіңгі қабатында тыртықтанған 
ойыстар көбейеді (
амилоидты бүріскен бүйрек; 
232-сурет). Аурудың осы 
кезеңінде нефрогендік артериялық гипертония дамып
жүректің
әсіресе 
сол 
жақ бөлімі ұлғаяды
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет