Нуржігіт Алтынбеков
485
Гранулеманың құрамына эпителиод жасушалар мен Пирогов–Лангханстың
жасушалары тәрізді алып жасушалар кіріп, бірен-саран плазмациттер мен
эозинофилді жасушалар араласады. Бруцеллез бен туберкулездің гранулемасы
ұқсас, бірақ бруцеллездің гранулемасында қан тамырлары көп, ондағы
эпителиоид жасушалар ретсіз жайғасады, орталығында некроз сирек байқалады.
Бұл кезеңге жүйелік
аллергиялық пролиферациялы-деструкциялы васкулит
тән.
Қан тамырлары басымырақ өзгерсе, мүшелердің әр жері
локальды
зақымдалады. Көбіне
бауыр
(гепатит),
жүрек
(полипті-ойық жаралы
эндокардит, пролиферациялы миокардит),
ми
мен
оның қабықшалары
(энцефаломиелит,
экссудатты-пролиферациялы
менингит),
бүйрек
(гломерулонефрит) қабынады.
Талақтың
пульпасы көбейіп, гранулемалар
қалыптасып, көлемі ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: