Созылмалы кезеңде аурудың ағымы ұзақ (жылдан астам) болады.
Паренхималы мүшелерде пролиферациялы жауап басым болып, гранулемалар
түзіледі, васкулит, дистрофия, атрофия мен склероз дамиды. Организмнің
резистенттілігі тым төмендесе, созылмалы бруцеллез ұзақ сепсиске ұласып,
науқас қатты жүдейді.
Созылмалы бруцеллез кезінде жеке мүшелер зақымдалып, локальды өзгеріс
айқын болады. Осы негізде ол жүрек-тамырлық, жүйкелік (нейробруцеллез),
гепато-лиеналдық, урогениталдық және сүйек-буындық бруцеллез деп, бірнеше
клиника-морфологиялық нысанға бөлінеді.
Жүрек-тамырлық бруцеллез қолқаның қақпақшасын зақымдап, бактериялық
(ұзақ сепсистік) эндокардитке тән полипті-ойық жаралы эндокардит дамытады.
Қақпақшада қалыптасқан құрылымдардан алынған материалды себу тәсілімен
зерттегенде бруцеллалар көбейіп, өседі. Эндокардитке пролиферациялы
миокардит қосарланады. Миокардтың стромасында гранулемалар пайда болып,
тәждік артериялардың тарамдары пролиферациялы қабынады, тромбылар
түзіліп, тромбылы васкулит өрістейді. Үдеріс ұзаққа созылса, қолқаның
қақпақшасында ақау пайда болады, кардиосклероз байқалады.
Жүйкелік бруцеллездің (нейробруцеллездің) негізі – пролиферациялы-
деструкциялы васкулит; менинг-энцефалит дамып, глия көбейеді. Қан
тамырларында тромбылар түзілсе, мидың әр жерінде жұмсарған аймақтар мен
қанды ошақтар және кисталар пайда болады.
Гепатолиеналдық бруцеллез бауыр мен талақты басымырақ зақымдайды;
цирроз бен спленомегалия дамып, дене сарғаяды, геморрагиялы диатез
байқалады.
Урогениталдық бруцеллезге спецификалы орхит пен эпидидимит, оның
ақырында ен мен оның қосалқылары семіп қалады. Кейде бруцеллездік оофорит
те орын алады.
Сүйек-буындық бруцеллезден бұлшықеттерде, сіңірлерде, апоневроздарда,
буындардың синовийлік қабығы мен сыртқы қабығында, сүйектің кемігінде
гранулемалар қалыптасады. Жіліктер мен жалпақ сүйектерде остеомиелит пен
периостит, артрит дамып, сүйек-буын жүйесі ауыр зақымдалады. Созылмалы
бруцеллездің