Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет608/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   832
Байланысты:
струков патан

Конъюнктивалық нысаны
– терілік күйдіргінің бір нысаны. Ол 
конъюнктиваға споралар түскенде дамиды. Көздің тіндері ұйымалы-
геморрагиялы қабынып (офтальмит), төңірегіндегі клетчатка су сіңіп ісінеді. 
Ішектік нысанында
ішектің мықын бөлімінің төменгі бөлігі қанталап, ойық 
жаралар пайда болып, ұйымалы-геморрагиялы қабынады. Шажырқайдағы 
лимфалық түйіндер мен олардың маңындағы клетчатканы да ұйымалы-
геморрагиялы қабыну қамтиды. Лимфалық түйіндер мен шажырқайдың өзі де 
суланып ісініп, қанталайды. Құрсақ қуысына ұйымалы-геморрагиялы сұйықтық 
жиналады. Ішектік күйдіргі, әдетте сепсиспен асқынады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
487
Алғашқы өкпелік нысанына
геморрагиялы трахеит, бронхит және ұйымалы-
геморрагиялы жеке ошақты немесе біріккен ошақты пневония тән. Өкпенің 
түбіріндегі лимфалық түйіндер ұйымалы-геморрагиялы қабынып, суланып 
ісінеді, қанды ошақтар пайда болып, ұлғаяды. Күйдіргінің бұл нысаны да, 
әдетте сепсиспен асқынады. 
Алғашқы сепсистік нысанында
инфекциялық ауруларға тән нышандар 
байқалып, жергілікті үдеріс туындамайды. Алғашқы сепсистік күйдергі мен 
күйдіргінің сепсиспен асқынған терілік, ішектік және алғашқы өкпелік 
нысандарының бейнесі ұқсас. Күйдіргілік сепсистен өлгендердің мәйітін 
зерттегенде 
талақ
ұлғайып, кесіндісі қошқыл қызыл тартып, тіпті қарайғаны 
байқалады, пульпасынан мол қырынды түседі. Талақ тінінің жұғындысында 
күйдіргінің таяқшалары орасан көп болады. Күйдіргіге, әсіресе 
геморрагиялы 
менинг-энцефалит
тән (266-сурет). Мидың үсті мен астындағы қабықшалары су 
сіңіп ісініп, қанталайды, қошқыл қызыл түсті болады («қызыл телпек»). 
Жарақаттанған ми да тап осындай болатыны белгілі.
266-сурет. Күйдіргі. 
Геморрагиялы менинг-энцефалит. Мидың қан сіңген жұмсақ қабықшасы. 
Миды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет