Нуржігіт Алтынбеков
500
қуысында немесе ішекте де байқалады. Үдеріс гематогендік жолмен өте сирек
жағдайда, аурудың ақырғы кезеңінде, түрлі себептен әлсірегендерде ғана
өрістейді. Туберкулездік менингит дамып, өкпеден басқа мүшелер де
зақымдалады.
Туберкулездің
асқыну зардаптары
алуан түрлі. Олар жайлы аурудың жеке
нысандарын сипаттаған кезде де айтылған-ды. Біріншілік туберкулез кейде
туберкулездік менингитпен, плевритпен, перикардит және перитонитпен
асқынады. Сүйек туберкулезінен секвестрлер түзіліп, қаңқаның сиқы бұзылады,
жұмсақ тіндер зақымдалып, абсцестер мен жыланкөздер қалыптасады.
Салдарлық туберкулездің зардаптары көбіне кавернамен байланысты: қан
кетеді; каверна жарылса, ішіндегі зат плевраға құйылып,
пневмоторакс
пен
іріңді плеврит (плевралық эмпиема)
дамиды. Аурудың ұзақ мерзімді нысандары
(әсіресе, фиброзды-каверналы туберкулез) амилоидозбен асқынады.
Достарыңызбен бөлісу: