XXVI тәсім. Өкпенің салдарлық туберкулезінің нысан-фазалары Ошақты жедел туберкулез 20-25 жастағылар мен одан асқандарда
кездеседі. Оң жақ (кейде сол жақ) өкпенің І және ІІ сегментінде бір немесе екі
ошақ қалыптасады. Ол ошақ
Абрикосовтың реинфект ошағы деп аталады. Бұл
ошақтың бөлікшелік бронхыларда салдарлық туберкулездің бастапқы кезеңінде
өрістейтін
спецификалы эндо-, мезо- немесе панбронхит екенін 1904 ж. А.И.
Абрикосов дәлелдеген-ді. Спецификалы үдеріс бронхиолалар арқылы өкпенің
паренхимасына
жайылып,
ацинустық
немесе
бөлікшелік
казеозды бронхпневмония дамиды. Оның айналасына эпителиоид-жасушалар мен бірен-
саран лимфоциттер және Пирогов-Лангханстың алып жасушалары жиналып,
шектейді.
Өкпенің
түбіріндегі
лимфалық
нысан-фазалары
түйіндер
бейспецификалы қабынады. Үдеріс көбіне өз бетінше немесе дер кезінде
қолданылған емнің әсерінен бәсеңдеп, экссудатты қабыну пролиферациялы
қабынуға ауысып, казеозды некроз ошақтары қабықпен шектеліп
(
инкапсуляция ),
ізбестеніп
(
петрификация ),
ақырында
Ашофф-Пулдің
реинфекциялық ошақтарына айналады.
Фиброзды-ошақты туберкулез – жедел ошақты туберкулездің бәсеңдеп
(Абрикосов ошағы жазылып), қайта жанданған фазасы. Абрикосов ошағы
Ошақты жедел
(Абрикосов ошағы)
Фиброзды-ошақты
(созылмалы)
Ашофф – Пул ошағы
Инфильтрациялы
Туберкулема
Казеозды
пневмония
(«жіті көксау»)
Фиброзды-каверналы (деструкциялы)
созылмалы
Өкпелік көксау
Жедел (деструкциялы)
каверналы
Циррозды туберкулез