Өлімнің себептері . Қазіргі кезде өкпе туберкулезімен сырқаттар көбіне өкпе-
жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен, қан кеткендіктен немесе амилоидоздан, ал
ауыр ағымды каверналы үдеріспен сырқаттар, кейде операцияның
зардаптарынан өледі.
Т УБЕРКУЛЕЗДІҢ ПАТОМОРФОЗЫ Соңғы жылдарда экономикасы өркендеген елдердегі туберкулездің
клиникалық және морфологиялық бейнесі айтарлықтай өзгерді. Бұл өзгерістер
негізінен әлеуметтік өркендеудің, дәрі-дәрмектер мен антибактериялық емді
қолданудың нәтижесі. Сондықтан олар табиғи және индукциялық
патоморфоздың бейнесі деп есептеледі. Қазір біріншілік туберкулездің,
гематогендік туберкулездің, казеозды пневмонияның өршімелі нысандары күрт
азайып, тіпті толық жойылуға жақын. Сонымен қатар, қазірігі туберкулездің
барлық клиника-анатомиялық нысандарына ортақ ерекшеліктері де бар:
спецификалы экссудатты (278-сурет) өзгерістер бәсеңдеп, үдерістің жалпы
жайылуы кеміді және туберкулездің бейспецификалық компоненті мен
фибропластикалы өзгерістер үдей түсті.
278-сурет. Туберкулездің патоморфозы. Тазарып,
кистаға
айналған
каверна
(И.П. Соловьеваның препараты).
СИФИЛИС Сифилис (
syphilis ; бұл аталым
дәрігер
Дж.
Фракастороның
поэмасындағы кейіпкер Сифилиус
деген
бақташының
есімінен
шыққан; грекше:
sys – шошқа +
philos – дос; синонимы:
люэс ;
қазақша: мерез) – созылмалы
инфекциялық
ауру;
негізінен
жыныстық қатынас арқылы жұғып,
Нуржігіт Алтынбеков 501
даму кезеңдері біртіндеп жалғасып, теріні, шырышты қабықшаны, ішкі
мүшелерді, сүйекті және жүйке жүйесін зақымдайды.