Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Б АСҚА САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР



Pdf көрінісі
бет647/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   832
Байланысты:
струков патан

Б
АСҚА САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР
 
Басқа висцералдық микоздардан
сирек те болса ұшырасатындары:
 
кокцидиомикоз, гистоплазмоз, риноспоридиоз 
бен 
споратрихоз 


Нуржігіт Алтынбеков 
516
Қарапайымдар мен гельминттер дамытатын аурулар 
Қарапайымдар
мен 
гельминттер
дамытатын аурулар — 
инвазиялық аурулар 
деп аталады. Олар көп және алуан түрлі. 
Қарапайымдар
дамытатын 
аурулардың ішінде ең маңыздылары — малярия, амебиаз бен балантидиаз 
болса, 
гельминттер
дамытатын аурулардан — эхинококкоз, цистицеркоз, 
описторхоз бен шистосомоз. 
МАЛЯРИЯ 
Малярия
(итальянша: 
mala
aria
— жаман ауа; қазақша: безгек) — клиникалық 
бейнесі қоздырушысының жетілу мезгілімен байланысты, жедел және 
созылмалы ағымды қайталамалы инфекциялық ауру; қалтырау пароксизмдері 
мен гипохромды анемия дамып, талақ пен бауыр ұлғаяды. 
Этиологиясы мен патологиясы
. Бұл ауруды
Plasmodium
туыстастығына 
жататын қарапайымдардың бірнеше нысаны қоздырады. А. Лаверан 1880 ж. 
плазмодийді алғаш рет эритроциттерден тапқан. Плазмодий маса шаққан кезде 
қанға түсіп, күрделі даму кезеңдерінен өтеді; эритроциттерге кіріп, жыныссыз 
жолмен, яғни шизогония деп аталатын жолмен көбейіп, шизонтқа айналады. 
Шизонттар өзінің цитоплазмасына қоңырлау пигмент — гемомеланин 
жинайды. Гемолиз кезінде паразит пен гемомеланин эритроциттен бөлінеді. 
Бөлінген пигментті макрофагтық жүйенің жасушалары сіңіріп, шизонт қайтадан 
эритроцитке кіреді. Сондықтан бауырүстілік (гемолиздік) анемия дамып, 
ретикула-эндотелийлік элементтерде гемомеланоз бен гемосидероз орын алып, 
ақыры склерозбен аяқталады. Гемолиздік криз кезінде қанайналымы күрт 
бұзылады: стаз дамып, диапедездік қанды ошақтар қалыптасады. Малярияға 
үздіксіз антигенемия тән, сондықтан уытты әсерлі иммундық кешендер түзіледі. 
Бұл кешендердің әсерінен микроциркуляциялық арна зақымдалады, 
гломерулонефрит дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет