Нуржігіт Алтынбеков
514
(мыс., вирустық инфекция) организмге әсерінен дамитын –
салдарлық
кандидоз
.
Патологиялық анатомиясы
. Кандидоз жеке мүшені (мыс:, терінің, асқорыту
жолының шырышты қабықшасының, зәршығару жолы мен бүйректің, өкпенің,
т.б. мүшелердің кандидозы, жарақат кандидозы) зақымдап, жергілікті және
жалпы нысанда дамиды.
Жергілікті кандидоз
көбінесе көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланған
шырышты
қабықшаларды
зақымдайды. Өйткені саңырауқұлақтың бұл
нысаны гликогені мол көпқабатты жайпақ эпителийде жақсы өседі (тропизм).
Саңырауқұлақ шырышты қабықшаның үстін жайлап, қоңыр түсті өңез түзеді.
Өңездің құрамына шырмалған псевдомицелийлік жіпшелер мен сыдырылған
эпителий және нейтрофилдер кіреді. Саңырауқұлақ шырышты қабықшаға терең
жайылса, некрозды ошақтар пайда болып, ол жерлер сау тіннен нейтрофилді
өңір арқылы шектеледі. Псевдомицелийлер қан тамырларының саңылауына
өтіп, басқа мүшелерге метастаз жаяды. Ішкі мүшелердегі саңырауқұлақтардың
айналасына жасушалар шоғырланып, олардың негізін де псевдомицелийдің
жіпшелеріне шырмалған өлі нейтрофилдер құрайды. Науқас адам тым әлсіресе,
кандидоздық ошақтарда іріңді үдерістен гөрі некроз басым болады. Ал
организмнің қарсылығы кемісе, лейкоциттер шоғырын грануляциялық тін
шектеп, саңырауқұлақтар өте сирек ұшырасатын болады. Ауру ұзаққа созылса,
пролиферациялы қабыну басымырақ дамып,
гранулемалар
қалыптасады.
Гранулеманың негізін фибробластылар мен цитоплазмасында бүршіктеніп
бөлінген саңырауқұлақтар және оның үзік жіпшелері бар алып жасушалар
қалайды.
Кандидоз
Достарыңызбен бөлісу: