Нуржігіт Алтынбеков
515
экссудат мол жиналады. Саңырауқұлақ бронхылардың қабырғасын жайлап
кетіп, ауыр ағымды болса, некроз дамиды. Кандидоз тынысалу жолдарының
жоғарғы бөлімінде сирек байқалады.
Жалпы кандидоздың
барысында саңырауқұлақ алғашқы ошақтан қан
арнасына өтіп, мүшелер мен тіндерде (ми мен оның қабықшалары, жүрек, өкпе,
бүйрек) метастаздар туындатады. Бұл – кандидоздық септикопиемия
(«
Сепсисті
» қара).
Бластмикоз
– тері мен ішкі мүшелерді зақымдайтын аурулардың бірі. Оны
ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар – бластмицеттер қоздырады. Бластмикоздың
бірнеше нысаны бар, олардың ішінде ең маңыздысы – Бруссе-Бушкенің
еуропалық бластмикозы (крипткоккоз, торулез).
Достарыңызбен бөлісу: