Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет652/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы. 
Гидатидалы
 
эхинококк
мүшелерде өсіп, 
үлкендігі жаңғақтай немесе ересек адамның басындай кеуек түзеді. Ол 
көпқабатты хитинді қабықшадан құралады, ішіне мөлдір сұйықтық жиналады. 
Сұйықтық белоксыз, бірақ янтарь қышқылды. Кеуектің ішкі, көбейгіш 
қабықшасынан сколексті (қармақшалы) жас кеуектер өнеді. Жас кеуектер 
аналық кеуектің ішіне жиналады. Бұл – 
жалғыз камералы
эхинококк
. Жалғыз 
камералы эхинококк жайлаған мүшенің тіні семіп қалады. Эхинококтің 
айналасына дәнекер тін өсіп, кеуек қабықпен шектеледі. Қабыққа қалың іргелі 
қан тамырлары, эозинофилдер мен басқа да жасушалар шоғырланады. 
Қабықтың хитинді қабықшамен жанасқан жерлерінде бөгде заттарды сіңіретін 
алып жасушалар пайда болып, хитинді қабықшаның элементтерін жояды. 
Эхинококтың кеуектері көбіне 
бауырда, өкпеде, бүйректе

кейде басқа да 
мүшелерде өседі. 
Альвеококкоз
 
дамыса, эхинококтың онкосферасынан бірден бірнеше кеуектер 
өніп, олардың айналасында некрозды ошақтар қалыптасады. Альвеококтың 
цитоплазмасы өскіндер түзіп, аналық кеуек жалғыз қуысты эхинококтағыдай 
ішке емес, сыртқа қарай бүршіктеніп көбейеді. Жеке жайғасқан жас кеуектер 
біртіндеп көбейіп, мүшені жайлап, зақымдайды. Сондықтан да эхинококтың бұл 
түрі 
көпкамералы эхинококк 
деп аталады. Альвеококк қатерлі ісік тәрізді 
жайылып өседі. Кеуектен бөлінген улы заттар тінді жойып, пролиферациялы 
қабыну туындатады. Грануляциялық тінде эозинофилдер мен өлі кеуектердің 
қабығын сіңіретін бөгде денелік макрофагтар көбейеді (289-сурет).
289-сурет. Альвеококкоз. 
Өлекседегі эхинококк кеуектері пролиферациялы қабыну аймағымен қоршалған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет