Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет653/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
520
Альвеококтың алғашқы ошақтары көбіне 
бауырда
дамып, басқа мүшелерде 
сиректеу байқалады. Бір бөлімін паразит түгел жайлап, бауыр өте қатаяды; 
кесіндісі кеуекті, әрі дәнекер тін өсіп, жолақты болады. Кейде альвеококк 
түйінінің орталығы ыдырап, қуысқа айналады. Альвеококк 
гематогендік
және 
лимфогендік
жолмен метастаз жаяды. Ауру бауырдан басталса, метастаздарын 
алдымен өкпеге, кейін үлкен қанайналымы шеңберінің мүшелеріне (бүйрек, ми, 
жүрек, т.б.) жаяды. Сөйтіп, альвеококкоздың клиникасынан қатерлі ісікке тән 
бейне байқалады.
Эхинококкоздың 
асқыну зардаптары
оның бауырды қаншалықты 
зақымдағанына және альвеококк метастаздарының әсеріне байланысты. Кейде 
амилоидоз дамиды. 
ЦИСТИЦЕРКОЗ 
Цистицеркоз
– цистодоздар тобына жататын созылмалы ағымды 
гельминтоз; оны қарулы (шошқалық) цепеннің (солитердің) цистицеркі 
қоздырады. 
Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі.
Цистицерк – шошқа цепенінің 
личинкалық сатысы (финнасы). Бұл ауруға адам ғана емес, шошқа, ит , мысық 
сияқты кейбір жануарлар да шалдығады. Аталған жануарлар паразит пен оның 
финнасының аралық иесі болып табылады. Гельминттің жұмыртқасы адамның 
нәжісін жеген жануарларға жұғады. Ал адам финналы (цистицеркті) шошқа етін 
жеп ауырады. Финна адамның ішегінде жетіліп, құртқа айналады. Жетілген 
солитердің цистицеркі, сол адамның өзіне қайта жұғып, цистицеркозға 
ұшыратуы да мүмкін. Ол үшін асқазан сөлінің әсерінен солитердің жұмыртқасы 
қабығынан айрылып, ондағы ұрықтар асқазанның қан тамырларына өтіп, тіндер 
мен мүшелерге жайылып, қайтадан цистицеркке айналуы қажет. 
Патологиялық анатомиясы
. Цистицерк әртүрлі мүшелерді зақымдай алады, 
көбіне мида, көзде, терінің шел майында дамиды. Мидың жұқа қабықшасында, 
әдетте 
цистицерктің тарамдалған (рацемозды) нысаны
байқалады. Әсіресе ми 
мен көздің цистицеркозы қауіпті. 
Микроскоппен зерттегенде цистицерк – көлемі ірі бұршақтай кеуек. Кеуектің 
ішкі қабығынан оның басы мен мойны өнеді. Цистицерктің төңірегі қабынып, 
лимфоциттер мен плазмациттер, фибробластылар мен эозинофилдер 
шоғырланады. Жасушалар шоғырланған жерге біртіндеп дәнекер тін өсіп, кейін 
цистицерк қабықпен қоршалады. Мидағы цистицерктің төңірегіндегі қабықты 
микроглиялық жасушалар түзеді. Біраздан кейін цистицерк өліп, ізбестенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   649   650   651   652   653   654   655   656   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет