Нуржігіт Алтынбеков
519
ЭХИНОКОККОЗ
Эхинококкоз
(
грекше:
echinos
– кірпі,
kokkos
– дән) — цистодоздар тобына
жататын гельминтоз; әртүрлі мүшелерде эхинококтің кисталары қалыптасады.
Этиологиясы, эпидемиологиясы мен патогенезі.
Бұл паразиттің адам мен
жануарларды ең жиі ауыртатын түрлеріне эхинококкоздың
гидатидалы
нысанының
қоздырушысы –
Echinococcus
granulosus
және эхинококкоздың
альвеолалы нысанын (альвеококкозды)
дамытатын –
Echinococcus
multilocularis
жатады. Гидатидалы эхинококкоз альвеококкоздан гөрі жиірек байқалады.
Гидатидалы эхинококк адамға етпен қоректенетін (қасқыр, қорқау қасқыр,
т.б.) аңдар мен үй жануары – иттен жұғады. Бұл жануарлар паразиттің
облигаттық иесі, яғни олардың организмінде (ішегінде) таспа құрттың
жыныстық тұрғыдан жетілген нысаны өмір сүреді. Альвеококк, әдетте
кемірушілер мен адамда болады; оның личинкасы гидатидалы эхинококтің
личинкасынан өзгеше: аңдардың қиынан шашырап, паразит жайылымдағы
малға (сиыр, бұғы, т.б.), ауру аңның етін жеген итке жұғады. Сөйтіп, паразит
жұғатын аралас ошақ қалыптасады. Адамға паразит осы ошақтағы иттерден
немесе ауру аңның терісін өңдеген кезде немесе ластанған суды ішкенде
жұғады. Альвеококкоз белгілі бір географиялық аймақтарға тән. Бұл ауру
Якутия мен Қазақстанда жиірек, ал КСРО-ның Еуропалық бөлігінде сиректеу
байқалады. Альвеококкоздың ошақтары Еуропадағы кейбір елдерде де бар.
Достарыңызбен бөлісу: