Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


киматопатия деп аталады. Киматогенездің әр кезеңіне сәйкес ол  бластопатия



Pdf көрінісі
бет659/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   832
киматопатия
деп аталады. Киматогенездің әр кезеңіне сәйкес ол 
бластопатия

эмбриопатия

ерте
және 
кешеуіл
фетопатия
2
деп жіктеледі. 
Этиологиясы
. Рубеолалық (қызамықтық) эмбриопатияның ғылыми тұрғыдан 
айқындалуы киматопатияны дамытатын экзогендік факторлардың қатарын 
кеңейте түсті. Бұл ұғым бірқатар эксперименттің деректерімен де расталды. 
Қазіргі деректер бойынша, құрсақта қалыптасатын кемістіктердің 10%-ы 
хромосомалық абберациясымен байланысты болып, 3-4%-ы экзогендік әсерден 
дамыса, 60%-ының себебі белгісіз. Ұрықтың патологиясы көп себепті, әрі 
тұқымқуалайтын факторлар мен экзогендік факторлар сабақтастығынан 
дамитын сияқты. 
Адамда киматопатия өрбіте алатын 
экзогендік
факторлар көп. Олардың 
қатарына қызамықтың, адам имунитет тапшылығының (АИВ), қызылшаның
жел шешектің, 
herpes
simpleх
-тің, инфекциялық мононуклеоздың, эпидемиялы 
паротит пен гепатиттің, полиомиелит пен гриптің вирустары және микоплазма, 
листерелла, трепонема, токсоплазма сияқты кейбір микроорганизмдер, кейде 
туберкулез микобактериясы және басқалар жатады. Киматопатия сәуленің 
энергиясы (γ-сәуле) мен иондаушы радиациядан да, толидомид, гидантион, 
цитостатиктер, гормондар, витаминдер (мыс., витамин Д), хинин, дәрі-
дәрмектерден де, алкоголь мен түрлі себепті гипоксиядан да, жүкті әйел қантты 
диабет, тиреотоксикозды жемсау сияқты эндокриндік аурулармен сырқаттанса 
да дамиды. Алкоголь ішкен жүкті әйелдің нәрестесі 
алкогольдік эмбриопатияға
ұшырайды. Нәресте шала жетіліп, микроцефалиямен қатар, микрогирия, 
эпикант және қабағында птоз байқалады. Кейде жүректе кемістік қалыптасады 
(292-сурет). 
Бүгінгі таңда жаңа емдеу тәсілдері қолданылатындықтан
диабеттік
пен
тиреотоксикоздық
фето
- және 
эмбриопатияның
маңызы арта түсті. Өйткені, 
емдеу үшін инсулин қолданылғанға дейін диабетпен сырқат әйелдер сирек 
жүкті болатын-ды. Ал қазір олардың бала туу мүмкіндігі сау әйелдермен 
теңелді. Әйтсе де, қантты диабетпен сырқат әйелдерден туған балаларда 
құрсақта дамитын кемістіктер жиі байқалады. Эмбриопатияның 
диабеттік
эмбриопатия
деп аталып жүрген нысанында қаңқа сүйектері, жүрек-тамыр, 
орталық жүйке және жыныс-несептік жүйелер кемістікті болады. 
Диабеттік
фетопатиямен
сырқат нәресте шала жетіліп немесе кушингоид пішінді алып 
денелі болып туады. Қалқанша безінің жұмысы нашарлап немесе тым артқан 
әйел түсік немесе түсікке бейім келеді. Тиреотоксикоздық кемістіктердің ішінде 
анэнцефалия мен жүрек кемістігі, ал гипотиреоз кезінде – нақұрыстық жиірек 
байқалып,
тиреотоксикоздық
эмбриофетопатия
деп аталады. 
2
Әдетте, бласто-, эмбрио- және фетопатияларға экзогендік факторлар туындатқан 
ұрықтық аурулар ғана жатқызылып жүр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет