Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет667/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
533
қалыптаспайды немесе қалдық қана болады. Кейде онда амнионның 
қабықшасы, кіндік немесе саруыз қалташасы ғана қалады. 
Патология түгел қамтыған эмбрионның
барлық мүшелері ауыр 
зақымдалады, ол өмір сүре алмайды. 
Бластула кезеңінде (8-12 аптада) қалыптасқан жеке немесе көп кемістіктер 
өздігінен түсіп қалған ұрықтардың 14,3-22,9%-ында ұшырасады. Олардың 
46,2%-ында бала жолдасы дұрыс қалыптаспайды, ондай ұрықтардың көбі өледі. 
Қос кемтар көбіне тұтасып туады. Тұтасқан егіз симметриялы бөліктерден 
құралса, 
диплопагус
деп (грекше: 
diplos
— қос, екеу және 
pagus
— біріктіру), ал 
ассиметриялы бөліктерден қалыптасса, 
гетеропагус
(грекше:
heteros
— өзге) 
деп, ал оның жетілмей, екіншісіне күні қарап қалған сыңары 
паразит
деп 
аталады. Егіздердің біріккен жерін ғылыми тілде атау үшін сол жердің 
анатомиялық атауына «пагус» деген сөз қосылады; мысалы, басы арқылы 
біріккен егіздер 
краниопагус
деп, кеуделері арқылы біріксе, 
торакопагус

жамбас тұсы арқылы біріксе, 
ишопагус
, т.с.с. 
Қос кемтарлар өмір сүре алмайды. Олардың өмір сүріп, ер жетуі сирек. 
Жұмсақ тіндері арқылы жалғасып, үстіртін біріккендерді ғана хирургиялық 
тәсілмен бөліп алуға болады. 
ЭМБРИОПАТИЯЛАР 
Эмбриопатия
дегеніміз – жүктіліктің 16-шы күнінен бастап 75-ші күнінің 
соңына дейінгі уақыт аралығында байқалатын ұрықтық кезеңнің патологиясы; 
бұл аралықта мүшелердің негізі қаланып, амнион мен хорион қалыптасып 
болатыны белгілі. Эмбриопатиялардың негізін құрсақта қалыптасқан тума 
кемістіктер құрайды. 
Тума кемістіктер
деп – құрсақта даму кезеңінде морфогенез бұзылып, бүкіл 
организмнің немесе оның жеке бөліктері мен мүшелері белгілі бір биологиялық 
түрге тән қалыпты морфологиялық құрылысынан тайып, кем болып қалыптасуы 
аталады. Органогенез негізінен эмбриондық кезеңде аяқталады, сондықтан да 
тума кемістіктердің көбі құрсақтағы өмірдің тап осы кезеңінде қалыптасады. 
Дегенмен, тума кемістіктер негізгі морфогенезі өзгерген мүшелер мен дене 
бөліктерінде ғана дамып қоймайды, қалыптасу үдерісі бұзылып, дұрыс 
жетілмеген тіндерді де қамтиды. Кемістік, әдетте белгілі бір жүйеде 
қалыптасады: мысалы, көлденең жолақты бұлшықеттерді (Оппенгеймнің тума 
миотониясы), дәнекер тінді (Марфан ауруы), теріні (тума ихтиоз), шеміршектен 
өнетін сүйектерді (тума хондродисплазия), т.с.с. қалыптасу (даму) кемістігі 
кейде жеке мүшенің белгілі бір тініне ғана қатысты болады; мысалы, 
megaureter
кезінде 
несепағар 
қабырғасының 
бұлшықеттері, 
megacolon
кезінде 
интрамуралдық жүйкелік құрылымдар, кисталы өкпеде – альвеолалар, толық 
жетілмейді, т.т. Қалыптасатын мезгілі тұрғысынан, бұл кемістіктер ерте 
кезеңдік фетопатиялар деп аталады. Ерте кезеңдік фетопатиялар көбіне 
эмбриопатиялармен қабат дамиды; мысалы, тума ихтиоз бен бетсүйектерінің 
хондродисплазиясы, Марфан ауруы мен бет және қолқа кемістіктері, т.с.с. 
ДДҰ–ның деректері бойынша тума кемістіктер барлық туылған нәрестелердің 
1,3%-ында кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет