Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет12/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   832
Байланысты:
струков патан

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ЗЕРТТЕУ 
ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕР
Патологиялық анатомия зерттейтін материалын мәйітті зерттегенде,
хирургиялық операция кезінде, биопсия немесе эксперимент жасау арқылы 
жинақтайды. 
Мәйітті 
аутопсия
әдісімен зерттеу арқылы (грекше: 
autopsia
– өз көзімен 
көру) ауру адамның өлуіне себеп болған, меңдеп кеткен өзгерістермен қатар, 
микроскоппен ғана көрінетін бастама өзгерістер де анықталады. Бұл әдіс 
көптеген аурудың әртүрлі сатысының морфологиясын зерттеуге мүмкіндік 
берді. Аутопсия кезінде алынған мүшелер мен тіндерді зерттеу үшін 
макроскопиялық және микроскопиялық әдістер қолданылады. Бірақ мәйітте 
дамитын өзгерістер (аутолиз) терең деңгейде зерттейтін морфологиялық 
тәсілдерді қолдануға шек қояды, сондықтан олар көбінесе жарық оптикасының 
көмегімен ғана талданылады.
Мәйітті 
зерттегенде 
клиникалық 
диагноздың 
дұрыстығы 
немесе 
диагностикалық қателік анықталып, өлімнің себебі, аурудың ағымының 
ерекшелігі, емдегенде қолданылған препараттардың, құрал-саймандардың 
тиімділігі айқындалып, өлім-жітім мен өлім-жітімділіктің статистикасы 
дәйектеліп, т.б. да мәселелер шешімін табады. 
Патологанатом 
операциялық материалды
зерттеу барысында алуан түрлі 
морфологиялық 
тәсілдерді 
қолданып, 
аурудың 
түрлі 
сатыларының 
морфологиясын анықтай алады. 
Биопсия
(
грекше: 
bios
- өмір және 
opsis
- көру) – тіндерді тірі организмнен 
алып, микроскопиялық әдіспен зерттеу. Патологанатомдар бұдан 100 жыл 
бұрын, жарық микроскопы пайда болысымен, биопсия әдісі арқылы алынған 
материалды – 
биоптатты
– зерттей бастаған. Сөйтіп, клиникалық диагнозды 
морфологиялық тәсілмен дәйектеген. Уақыт оза келе, биопсия тәсілімен 
алынған тіндерді зерттеудің мүмкіндіктері кеңи берді. Бүгінгі таңда диагнозды 
дәйектеу үшін биопсияны қолданбайтын емдеу мекемесі және осы әдіспен 
зерттеуге болмайтын бірде бір мүше мен тін мүлде жоқ деуге болады; әрбір үш 
аурудың біріне биопсия жасалады. 
Қазіргі уақытта биоптат алу тәсілдері жетілдіріліп қана қоймай, оның 
көмегімен клиникада шешілетін мәселелер де көбейіп келеді. Биопсия арқылы, 
оның біразын қайталай отырып, клиникалық диагнозды растап, аурудың даму 
барысын, ағымы мен болжамының сипатын, қандай да болмасын емнің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет