Нуржігіт Алтынбеков 21
қана зерттеуге болады. Сонымен, аурудың морфологиялық негізін терең зерттеу
үшін макроскопиялық әдіспен қоса, барлық заманауи, яғни электрондық
микроскопты, гистоцитоэнзимдік және иммунгистохимиялық әдістердің бәрін
кешенді қолдану қажет.
Патологиялық анатомияның бүгінгі таңда шешіп жатқан мәселелерін еске
алсақ, оның медицина пәндерінің ішінде алатын орны ерекше: бір жағынан ол
аурулардың материалдық субстратын айқындап, клиникаға тікелей қызмет
ететін
медициналық теория болса, екінші жағынан – теориялық медицинаны
тереңдете түсетін әрі диагнозды анықтайтын
клиникалық морфология болып
табылады. Патологиялық анатомияны оқыту ғылымның бұл саласын
құрылым мен функцияның бірлігі мен үйлесімділігі және
отандық патологиялық анатомияның клиника-анатомиялық бағыты тұрғысынан зерттеу
қағидатына ,
яғни патология іліміне ортақ метологиялық қағидаттарға негізделген. Алғашқы
қағидат патологиялық анатомияның басқа теориялық пәндермен ортақ
байламдылығын және патологияның негіздерін игеру үшін ең алдымен
анатомияны, гистологияны, физиология мен биохимияны білу қажеттілігін
айқындаса, екінші қағидат – клиника-анатомиялық бағыт тұрғысынан зерттеу
қағидаты –клиникалық пәндер мен дәрігер практикалық жұмыстың қандай
саласын таңдаса да оны патологиялық анатомияны терең білмей тұрып игере
алмайтындығын дәлелдейді.
ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР Патологиялық анатомия теориялық және практикалық медицинаның тамыры
көне дүниеден басталатын құрам бөлігі болып табылады. Дегенмен, діни
сенімдер ғасырлар бойы мәйітті зерттеуге тыйым салғандықтан, ол жеке пән
ретінде өте баяу дамыды. Тек ХVІ ғасырда ғана мәйітті зерттеуге мүмкіндік
туып, аурулардың патологиялық анатомиясы жайлы деректер жинақтала
бастады. 1761 жылы италия ғалымы Дж. Морганьи (1682-1771) біразын өзі
зерттеген 700 мәйіттің деректеріне негізделген «Анатом айқындаған
аурулардың даму орны мен себептері» деген еңбегін жарыққа шығарды. Бұл
еңбегінде ол өзі сипаттаған морфологиялық өзгерістерді аурудың клиникалық
бейнесімен сабақтастыруға әрекет жасаған. Морганьидің осы еңбегі көне
догматикалық көзқарасты жоққа шығарып, медицинаның жаңа бағытын
қалыптастырды және патологиялық анатомияның клиникалық пәндердің
арасынан алатын орнын айқындады.
Патологиялық анатомияның даму барысында француз морфологтары М.
Биштің (1771-1802), Ж. Корвизардың (1755-1821), патологиялық анатомияның
ең бірінші түсті атласын шығарған Ж. Крювельенің (1791-1871) еңбектері зор
ықпал жасады. ХVІІІ ғасырдың орта шені мен аяқ кезінде Англияда Р. Брайттың
(1789-1858), А. Бейльдің (1799-1858) патологиялық анатомияға зор үлес қосқан
ірі ғылыми еңбектері жарық көрді. А. Бейль – жеке аурулар патологиялық
анатомиясының ең алғашқы оқулығының авторы. Оны 1826 жылы орыс тіліне
И.А.Костомаров тәржімелеген-ді.