Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет20/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
27
өзіне тән өнімді түзуінің үйлесімі «жасушалық конвейер» заңдылығына 
негізделген. Бұл заңдылық жасушаның құрылымдық бөліктерінің өзара 
әрекеттесуі мен ондағы заттардың алмасу барысын өзін өзі реттеу қағидаты 
негізінде жүзеге асып отырады.
1-сурет. Жасушаның құрылысы (
тәсім
)
. Я — ядро, ЯШ — ядролық шұрық. Яд — ядрышық, ПНК — 
перинуклеолалық кеңістік, Цп — цитоплазма (гиалоплазма), Цм — жасушаның қабықшасы 
(цитомембрана), ЭР — эндоплазмалық ретикулум (эндоплазмалық тор), Рб — рибосома, М — 
митохондрия, ГК — табақша кешен (Гольджи кешені), Лз — лизосома, Ц — центросома, СВ — 
секрет вакуолі, ПК — пиноцитоздық көпіршік, Фз —фагоцитоз кезеңі.
 
Жасуша органоидтарының әрекеті қатаң детерминантты емес, олардың 
әрқайсысы жасушадағы әртүрлі үдерістерге қатынаса алады. Олардан гөрі 
жасушада жеке бір әрекетті орындауға тіректік әрекетті орындайтын 
тонофибриллалар; жиырылып, жасушаның қозғалуын қамтамасыз ететін 
миофибриллалар; сіңіру үдерісіне қатынасатын микротүктер мен түкті жиек; 
жасушалардың өзара түйісуін қамтамасыз ететін десмосомалар сияқты бірқатар 
метаплазмалық құрылымдар арнайы әрекет орындауға бейімдірек. Дегенмен, 
жасушадағы 
әрекеттің 
бірде-біреуі 
жеке 
бір 
органоидтың 
немесе 
метаплазмалық құрылымның жұмысы емес. Жасушаның әр әрекеті – оның 
барлық құрамдас бөліктерінің өзара әректтестігінің нәтижесі. Сондықтан да, 
жасушадағы ядроның құрылымдық және онымен сабақтаса дамитын әрекеттік 
өзгерістердің мәнін, оның негізгі бөлімдері ядросы мен цитоплазмасы және 
ондағы органеллаларда, метаплазмалық құрылымдар мен қосымшалардың 
әрқайсысында орын алған өзгерістерді ескермей пайымдау мүмкін емес. Сөйтіп, 
адам патологиясының құрылымдық негізі 

жасушалық патологияның мәнін 
түсіну үшін алдымен жасушаның қарапайым құрылымы мен әрекетіндегі 
өзгерістерді пайымдау арқылы әрекеті өздігінен реттелетін қарапайым жүйе 
жасуша мен әрекеттері ортақ жасушалар бірлестігінің патологиясын ұғыну 
қажет.
Олай болса, жасушалық патология ұғымының мәні күрделі. Өйткені, 
біріншіден, бұл патология 

жасушадағы арнайы ультрақұрылымдардың 
патологиясы
бола тұра, белгілі бір ультрақұрылымда әртүрлі әсерден, әдетте 
қаншалықты стереотипті (біртекті) өзгерістер орын алса, ол өзгерістер сол 
ультрақұрылымға соншалықты тән бола тұра, жасушаға қатысты хромосомалық 
аурулар 
немесе 
«рецепторлық», 
лизосомалық, 
митохондриялық, 
пероксисомалық тағы басқа да жасушалық «аурулар» деп аталатын ауруларға 
негіз де бола алады. Екіншіден, жасушалық патология дегеніміз 

жасушаның 
құрамдас бөліктері мен ультрақұрылымдарындағы себеп-салдарлық өзара 
сабақтастықтағы өзгерістер, сондықтан жасушаның зақымдалу заңдылықтары 
мен оның зақымға жауабының арасындағы айырмашылықты ажырату да қажет. 
Бұған жасушаның патогенді ақпартты сезінуі (рецепция) мен зақымға жауабы, 
жасуша мембранасының өткізгіштігі мен жасушада сұйықтық айналымы, 
жасушадағы метаболизмдік өзгерістер, жасушаның жойылуы (некроз), 
жасушаның метаплазиясы мен дисплазиясы, гипертрофиясы мен атрофиясы, 
жасуша қозғалысының патологиясы, оның ядросы мен гендік құрылымындағы 
өзгерістер мен басқа да мәселелер қатысты.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет