Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет22/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
29
эухроматин түріндегі хроматиннің жайғасу морфологиясы да тұрақты болмай, 
әр қилы болуы мүмкін. Ядро «гетерохрматинді» да, «эухроматинді» де бола 
алады (2-сурет); бұның механизмі әлі толық анықталмаған. Ядродағы 
хроматиннің сипаты мен орналасуының мәні де әртүрлі.
2-сурет. Ядроның гетеро- және эухроматинденуі:
а —ісіктік жасуша ядросындағы гетерохроматин. 
25 000; б — эндотелиоцит ядросы хроматинінің эухроматинденуі. Ядро қабықшасында ойыстар 
көп; цитоплазмадағы түтікше қосымшалар мен аралық филаменттер шоғыры. 30 000.
 
Мысалы, 
хроматиннің
маргинациялануы
(шеттеуі), яғни ядро қабықшасының 
астында орналасуы, ядроның белсенділігінің де, зақымдалғандығының да 
нышаны 
бола 
алады. 
Дегенмен, 
эухроматиндік
құрылымдардың
конденсациялануы
транскрипцияға қатысты жерлердің белсенділігінің 
нашарлауын сипаттап, патологиялық өзгерістің, яғни жасушаның жойыла 
бастағанының нышаны болып табылады. Жасуша әртүрлі себептен 
зақымдалғанда байқалатын уытты 
әсерлік
дисфункциялы
ісіну
де ядролық 
патологияның бірі. Оның даму барысында жасуша қабықшасы арқылы заттың 
тасымалдануы тежеліп, ядро мен цитоплазманың коллоид-осмостық ахуалы 
өзгереді.
Ядроның пішіні және саны 
Ядро пішінінің өзгерістері

маңызды диагностикалық нышандардың бірі. 
Мысалы, дистрофиялық үдерістер кезіндегі цитоплазмадағы қосымша заттардан 
ядроның пішіні бұзылса, гранулемалы қабыну үдерісінде және ісік өскенде 
(атипиялы жасушада) ол полиморфты (түрлі пішінді). 
Ядроның пішіні нуклеин қышқылдары мен белоктар түзілуі жанданғанда 
ядроның беткейі ұлғайып, цитоплазмада ойыстар (3-сурет) қалыптасып та 
өзгереді.
3-сурет. Ісіктік жасуша ядросының атипизмі
. Ядро қабықшасында томпақтар көп. 15 500.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет