Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет1/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


Курстық жұмыс
ПӘН: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ТАҚЫРЫБЫ: 11 СЫНЫПТА Б.МҰҚАЙДЫҢ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫН ОҚЫТУ


Орындаған: ҚТ 20-01 тобының студенті
Керимкул А.М
Жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Шормакова А.Б.


Астана – 2022 ж.


Мазмұны:
Кіріспе…………..……….……………………………………………………3
Негізгі бөлім
1. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын тақырыптық-идеялық мазмұны..........4
2. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын оқыту әдістемесі….………….………7
3. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын оқыту жолдары…………………....…14
Қорытынды………………………………………………………………….24
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..26

Кіріспе


Курстық жұмыстың өзектілігі.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсы тарих, тіл білімі, философия, педагогика, психология, география, экология пәндерімен байланыстырыла оқытылады. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсы өзіне дейін оқытылған халық ауыз әдебиеті және қазақ әдебиеті тарихы мен өзге де салалық пәндердің заңды жалғасы ретінде, орта мектеп оқушыларына іріктеліп алынған, бағдарлама бойынша берілген шығармалар мен әдеби теориялық ұғымдарды қандай жолдармен жеткізудің әдістемелерін қарастырады. Сонымен бірге өзімен қатар жүргізіліп жатқан пәндермен сабақтастырылып, алдағы курстарда оқытылатын пәндермен де байланыстырыла, ұштастырыла жалғастырылады.
Мектеп оқушыларына прозалық шығармаларды оқыту — жүйелі түрде жүргізуді талап ететін, ұзаққа созылатын үрдіс. Мектеп қабырғасындағы орта буын оқушыларының әдеби шығармаларды талдау барысында шығарма идеясы, тақырып, мазмұн мен пішін, фабула, кейіпкер, қаһарман, портрет, мінез, т.б. мәселелерге мүмкіндігінше көңіл бөлінуі керек. Оқушылар кейіпкер мінезінің сыр-сипатын, ерекшелігін аңғартатын анықтамалар, мінездемелер арқылы оның әлеуметтік-саяси жай-күйіне, іс-әрекетіне, мінез-құлықтарына назар аударып отырады.Оқушылардың бойында адамгершілік, батырлық, Отансүйгіштік, адалдық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттердің қалыптасуына зор ықпал ететін көркем әдебиеттегі әдеби шығармалар.Оның ішінде «роман» жанрының орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет