Нуржігіт Алтынбеков
145
жүрек, бүйрек) созылмалы ағымды болса, оның ақырында склероз дамуы
мүмкін.
Маңызы
мүшелер қызметінің зақымдалу дәрежесіне сәйкес болады.
Үлпершек қуысына жиналған экссудат жүректің жұмысын қиындатса, плевра
қуысына жиналған экссудаттың қысымынан паренхимасы қабысып, өкпеде
коллапс дамиды.
Фибринді қабыну
кезінде қан тамырларынан шыққан фибриноген тіндердің
зақымдалған (некрозды) жерінде фибринге айналып, фибринді қабыршық
түзеді. Некрозды аймаққа тромбопластин көп жиналып, бұл үдеріске қолайлы
жағдай туады. Фибринді қабыну кілегейлі және сірі қабықшаларда дамиды; ішкі
мүшелердің қалың қабатында сирек байқалады.
Морфологиялық бейнесі.
Кілегейлі немесе сірі қабықшаларды ақшыл бозғылт
түсті қабыршық жабады («қабыршықты қабыну»). Ол некроздың тереңдігі мен
эпителийдің түріне қарай, астындағы тінмен тығыз жалғаспай, фибринді
қабынудың крупті түрі, тығыз жалғасып, дифтеритті түрі дамиды.
Крупті қабыну
(шотландша:
crup
–
қабыршық) кезінде некроз терең
қамтымай, өлексеге фибрин ғана сіңеді (66-сурет). Фибинді қабыршық кілегейлі
немесе сірі қабықшаның үстін ғана жауып, онымен тығыз бірікпейді. Фибринді
қабыршық жапқан сірі немесе
кілегейлі қабықшаның
үсті ағаш ұнтағын
сепкендей, көмескі болады. Крупті қабыну дамыған кілегейлі қабықша ісініп,
қалыңдайды. Қабыршық сыдырылған жерде беткейлік қана ақау пайда болады.
Сірі қабықшаның
беті көмескі, бұдырлы, фибрин жіпшелері оны «түкті» етеді.
Фибринді перикардит дамыған жүректі, «
түкті
» жүрек деп атайды. Ішкі
мүшелердің ішінде крупті қабыну өкпені жиі қамтып, крупті пневмония дамиды
(«
Пневмонияларды
»
қара
).
Достарыңызбен бөлісу: