Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет158/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   832
Байланысты:
струков патан

64-сурет. Фагоцитоз. 
Макрофаг ішіндегі лейкоциттің қалдығы (ЛҚ) мен липидтік (Л) қосымшалар. 
Электронграмма. 20 000.
 
Экссудат пен қабынулық жасушалы инфильтраттың түзілуі
жоғарыда 
сипатталған экссудация үдерісінің ақыры. Қанның сұйық бөлігі сыздақтап, 
лейкоциттер көшіп, дапедездік жолмен эритроциттер шығып, зақымдалған 
тінге, дененің қуыстарына жиналып қабынулық сұйықтық, яғни экссудат түзеді. 
Жиналған сұйықтық тіндердің көлемін ұлғайтып (
tumor
), нерв сабақтарын 
қысып, медиаторлар әсер еткендіктен, ауыртады (
dolor
); тіндер мен мүшелердің 
әрекеті бұзылады (
functio
laesa
). 
Әдетте, экссудаттың құрамындағы белоктың үлесі 2%-дан астам. Тамыр 
өткізгіштігінің өзгеру дәрежесіне қарай, экссудаттың құрамына әртүрлі 
белоктар кіреді. Қан тамырлық бөген шамалы ғана өзгерсе, қан арнасынан 
альбуминдер мен глобулиндер шығып, тым өзгерсе, экссудатқа ірі дисперсиялы 
фибрин араласады. Кейде эксудатқа нейтрофилдер араласса, енді бірде
лимфоциттер мен моноциттер, ал басқа жағдайда эритроциттер көп болады.


Нуржігіт Алтынбеков 
142
Тінге жиналған экссудатта қанның сұйық бөлімінен гөрі жасушалар көп 
болса, оны 
қабынулық жасушалы инфильтрат
деп атайды; құрамында 
гематогендік немесе гистиогендік жасушалар үлесі басым болуы мүмкін. 
Пролиферация
(көбею) – қабынудың зақымды тіндерді қалпына келтіруге 
бағытталған соңғы фазасы. Көбінесе мезенхиманың камбийлік жасушалары мен 
В- және Т-лимфоциттер, моноциттер көбейеді. Қабыну ошағындағы жасушалар 
көбейе келе, толысып, басқа жасушаға айналады (
трансформация
): 
мезенхиманың камбийлік жасушалары 
фибробластыларға
; В-лимфоциттер 
плазмацитке
(XII тәсім), ал Т-лимфоциттер басқа жасуша түріне ауыспайтын 
сияқты. Моноциттер 
гистиоциттер
мен 
макрофагтарға
бастау болады. 
Макрофагтардан 
эпителиоид
және «
алып
» 
жасушалар
(бөгде денелік пен 
Пирогов–Лангханс жасушалары) туындайды. 
Фибробластылар өзінің әр көбею кезеңіне сәйкес, 
коллаген
белогы мен 
гликозамингликандарды
өндіріп, 
аргирофильді
мен 
коллагенді
талшықтар
және 
дәнекер
тіннің
негізгі
заты
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет