Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Тоқ ішектің крупті қабынуы



Pdf көрінісі
бет163/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   832
Байланысты:
струков патан

 66-сурет. Тоқ ішектің крупті қабынуы. 
Дифтеритті қабыну
(грекше: 
diphtera
– жарғақ қабыршық) кезінде фибрин 
терең жайылған некроздық өлексеге сіңеді (67-сурет). Ол көбіне 
кілегейлі 
қабықшаларда
дамиды. Тінмен тығыз жалғасатын фибринді қабыршықты 
сыдырғанда орнында терең ақау қалады. 
67-сурет. Аңқаның дифтериттік қабынуы. 
Фибринді қабыну түрінің (крупті немесе дифтеритті) дамуы тіннің зақымдалу 
тереңдігіне ғана емес, кілегейлі қабықша эпителийінің түріне де байланысты. 
Мысалы, кілегейлі қабаты көпқабатты жайпақ эпителиймен жабылған 
мүшелерге (ауыз, жұтқыншақ, аңқа, бадамша без, бөбешік, өңеш, дыбыс сіңірі, 
жатыр мойны) фибрин терең сіңбей, некроз беткейде ғана болса да, фибринді 
қабыршық эпителийімен тығыз жалғасады; өйткені, астындағы тінмен және 
өзара тығыз жалғасқан жайпақ эпителийлік жасушалар фибринді қабыршықты 
бекем «ұстап тұрады». Кілегейлі қабаты призмалық эпителиймен астарланып, 
ол астындағы тінмен тығыз жалғаспаған мүшелердегі (тынысалу жолының 
жоғарғы бөлімі, асқазан-ішек жолы, т.б.) фибринді қабыршық, фибрин терең 
сіңсе де, эпителиймен бірге, әрі оңай сыдырылады. Сондықтан, мысалы, аңқа 
мен кеңірдекте дамыған фибринді қабынудың себебі бір болса да, клиникалық 


Нуржігіт Алтынбеков 
146
маңызы әртүрлі; өйткені аңқадағы қабыну дифтеритті, ал кеңірдектегі крупті 
болады. 
Даму себептері.
Фибринді қабынуды Френкель диплокогы, стерептококк пен 
стафилококк, туберкулез микробактериясы, дифтерия мен дизентерияның 
қоздырушысы, гриптің вирусы, т.б. көптеген себептер дамытады. Сондай-ақ, ол 
инфекциялық агенттерден ғана емес, эндогендік (мысалы, уремия) немесе 
экзогендік (алмаспен улану) улардың әсерінен де дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет