Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет170/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   832
Байланысты:
струков патан

71-сурет. Туберкулездік гранулема. 
Орталығында казеозды некроз. 
72-сурет. Пирогов–Лангханстың алып жасушасы. 
Мерездік гранулема (гумма) – 
лимфоциттер, плазмалы жасушалар мен 
эпителиоид жасушалардан құрылған инфильтратпен шектелген ауқымды некроз 
ошағы; оның құрамында Пирогов-Лангханстың алып жасушалары бірен-саран 
ғана (73-сурет). Әдетте, гумманың құрамындағы некрозды шектейтін дәнекер 
тін жылдам өседі. Бұл дәнекер тінде эндотелийі көбеюдегі қан тамырлары көп 
(эндоваскулит) болады. Кейде күмісті ерітіндімен айшықтағанда жасушалық 
инфильтраттар арасынан боз трепанема табылады. 
73-сурет. Мерездік гранулема (гумма). 
Алапестік гранулема (лепрома) – 
негізін макрофагтар, лимфоциттер мен 
плазмалы жасушалар құраған түйіншек. Макрофагтардың арасында ішіне шар 


Нуржігіт Алтынбеков 
151
тәрізді микобактериялар жиналған ірі май тамшылары бар ерекше жасушалар 
болады. Бұл жасушалар лепромаға тән; 
Вирховтың алапестік жасушалары
деп 
аталады (74-сурет). Олар ыдыраған кезде босаған микобактериялар лепромалық 
жасушалардың арасында еркін жайғасады. Микобактериялар өте көп болады. 
Лепромалар көбіне бірігіп, қан тамырлары жақсы қалыптасқан алапестік 
грануляциялық тінге айналады. 
74-сурет. Алапес:
а — алапестің лепромалы нысанындағы лепрома; б — алапестік түйіндегі 
микобактериялар; в —Вирховтың алапестік жасушасы. Микобактериялар (Бак) шоғырланған жасушадағы 
лизосомалар (Лз); митохондриялары (М) зақымдалған. Электронграмма. 25 000 (Давидтен). 
 
Склеромалық гранулеманы 
плазмалы жасушалар мен эпителиоид жасушалар 
және лимфоциттер түзеді. Оның құрамында гиалин шарлары көп. Склероманың 
даму барысында, оның гранулемасына тән цитоплазмасы ашық түсті ірі 
макрофагтар, яғни 
Микулич жасушалары
пайда болады. Бұл жасушалардың 
цитоплазмасынан осы аурудың қоздырушысы – Волкович-Фриш таяқшалары 
анықталады (75-сурет). Грануляциялық тінде, әдетте айтарлықтай дәрежеде 
склероз бен гиалиноз дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет