Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет166/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   832
Байланысты:
струков патан

амилоидоздың
дамуына себеп 
болады. 
Маңызы
. Іріңді қабынудың әсері ең алдымен оның тіндерді жидітіп, тікелей 
жанаспа немесе лимфогендік, гематогендік жолдармен жайылу қаупіне 
байланысты. Іріңді қабыну көптеген аурулар мен олардың асқынулық 
зардаптарының морфологиялық мәні. 
Шіритін қабыну
(гангреналы, ихорозды; грекше: 
ichor
– қанды сарысу) 
қабыну ошағына шіріткіш бактериялар әсер еткенде дамиды. Бактериялар тінді 
шіріткенде, өте сасық газ түзіледі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
148
Геморрагиялы 
(қанды) 
қабыну
кезіндегі 
экссудат 
негізінен 
эритроциттерден түзіледі. Қанды қабынудың барысына қан тамырларының 
өткізгіштігі артуының әсері зор және кері хемотаксистің де айтарлықтай рөлі 
бар. Қанды қабыну ауыр ағымды инфекцияларға (күйдіргі, оба, грипп, т.б) тән. 
Кейде эритроциттер тым көп болып, экссудат құйылған қан сияқты болады 
(мыс.: күйдіргілік менингэнцефалит). Көбіне геморрагиялы қабыну экссудатты 
қабынудың басқа түрлеріне қосарланады. 
Ақыры.
Геморрагиялық қабынудың даму себебіне байланысты. 
Катарлы қабыну
(грекше: 
katarrheo
– ағамын), яғни 
катар
тек кілегейлі 
қабықшаларда ғана дамиды және шырыш тым көп бөлінеді (69-сурет). Экссудат 
ұйымалы да, шырышты да, геморрагиялы да болып, оның құрамына 
сыдырылған жамылғылық эпителий араласады. Катарлы қабыну жедел немесе 
созылмалы болады. 
Жедел катар
бірқатар инфекцияларға тән (мыс.: жоғарғы 
тынысалу жолдарының респирациялық жедел инфекциялары кезіндегі жедел 
катар) Әдетте, катардың бір түрі басқа түріне – үйымалы катар шырыштыға, 
шырышты катар іріңдігі немесе іріңді – геморрагиялыға ұласып отырады. 
Созылмалы катарды
инфекциялық аурулар да (созылмалы катарлы бронхит), 
бейинфекциялық аурулар (созылмалы катарлы гастрит) да дамыта береді. 
Созылмалы катар кезінде кілегейлі қабықшаларда атрофия (
атрофиялық
катар
) немесе гипертрофия (
гипертрофиялы
катар
) үдерістері дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет