75-сурет. Микуличтің склеромалық жасушасы:
цитоплазмадағы ірі вакуольдерде (В) Волкович–Фриш
бациллалары (Б) көп. ПзК — плазмалы жасуша (Давидтен). 7000.
Бейспецификалық
гранулемалардың
құрамынан
спецификалық
гранулемаларға тән нышандар байқалмайды. Олар бірқатар инфекциялық (мыс.,
бөртпе сүзек, іш сүзегі гранулемалары) және бейспецификалық (мыс., силикоз
және асбестоз гранулемасы, бөгде денелік гранулема) аурулардың әсерінен
дамиды.
Ақыры.
Гранулеманың ақырында, әдетте некроз немесе склероз дамиды; ол
үдерістерді фагоциттік монокиндер (интерлейкин I) жандандырады.
Полип
немесе
істікұшты
кондилома
түзілетін өнімдік қабыну
кілегейлі
қабықшалардың жайпақ эпителиймен шектес жерлерінде байқалады.
Қабынудың бұл түрінде бездік эпителий мен оның астындағы дәнекер тіндік
жасушалар бірге көбейіп, көптеген ұсақ бүрлер мен ірі құрылым, яғни
полип
түзіледі. Бүрлер мұрын, асқазан, көтен ішек, жатыр, қынап, т.б. мүшелер ұзақ
қабынғанда байқалады. Жайпақ эпителийге жақын жайғасқан призма пішінді
эпителий (мыс., айналшық, жыныстық мүшелер) бөлген шырыш жайпақ
эпителийді үнемі тітіркендіріп, эпителийімен қоса, стромасы да өсіп, ақырында
бүртікті құрылым –
істікұшты
кандилома
пайда болады. Ол мерез, соз сияқты
ауруларда байқалады.
Себептері
.
Өнімдік қабынудың себептері әртүрлі. Ол биологиялық (микроб,
жануарлық паразит), физикалық (радиация) және химиялық (дәрі-дәрмек)
факторлардың әсерінен, иммунпатологиялық үдерістің бейнесі ретінде
(иммундық қабыну) дамиды.
Ағымы
жедел болуы мүмкін, бірақ көбіне созылмалы.
Жедел ағымды
өнімдік
қабыну бірқатар инфекциялық ауруларға (іш сүзегі мен бөртпе сүзек,
туляремия, жедел ревматизм, жедел гломерулит) тән болса,
созылмалы
ағымдысы
миокард, бүйрек, бауыр, бұлшықет өнімдік қабынғанда дамып,
көбіне склерозға ұласады.
|