Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет188/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   832
Байланысты:
струков патан

Пролиферация фазасында
жетілмеген, жас жасушалар көбейеді. Ол жасушалар 
камбийлік
(лат.: 
cambium 
– алмасу, түлек), 
түпкі
жасушалар немесе 
ізашар
жасушалар
деп аталады. 
Әр тіннің өзіне тән камбийлік жасушалары бар, олар көбейгіштік деңгейімен, 
атқаратын қызметімен ерекшеленеді. Дегенмен, белгілі бір түпкі жасуша 
жасушалардың бірнеше түрінің бастау тегі бола алады (мыс.: қанжасам 
жүйесіне, лимфоидтық тіннің түпкі жасушаларына, дәнекер тіннің кейбір 
жасушаларына, т.б.). 
Ал, 
толысу
фазасында
жас жасушалар жетіліп, арнаулы құрылымы мен 
қызметі қалыптасады. Ультрақұрылымдардың гиперплазиясының толысуға 
ұласуы жасушаішілік регенерацияның негізгі даму механизмі болып табылады. 
Регенерация 
үдерісінің 
реттелуі. 
Регенерацияны 
гуморальдық, 
иммунологиялық, жүйкелік және қызметтік механизмдер реттейді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
168
Гуморальдық
механизмдер 
зақымдалған 
мүшелер 
мен 
тіндердің 
жасушаларында ғана (тінішілік және жасушаішілік реттегіштер) емес, басқа 
жерлерде де (гормондар, поэтиндер, медиаторлар, өсу факторлары, ж.б.) жүзеге 
асып жатады. Гуморальдық реттегіштерге жасушалардың бөлінуі мен ДНҚ 
түзілуін тежейтін 
кейлондар
(грекше: 
chalaino 
– әлсірету) жатады; олардың 
тінге арнаулы әсері бар. 
Иммунологиялық механизмдер
лимфоциттер 
тасымалдайтын «регенерациялық ақпаратпен» байланысты. Сондықтан
иммунологиялық гомеостаздың механизмдері құрылымдық гомеостазды 
қамтамасыз ететінін ескерген жөн. 
Жүйкелік механизмдер
жүйкелік трофикаға 
қатысты болса, 
қызметтік механизмдер
регенерацияның мүшелер мен 
тіндердің қызметін үдету «қажеттілігіне» сәйкес жүзеге асуын қамтамасыз 
етеді. 
Регенерациялық үдерістің даму барысына бірқатар жалпы және жергілікті 
факторлар әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет