Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет186/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   832
терапия патологиясы
(ятрогения) деп саналады. 
Иммундефицитті синдромдардың біріншілік тобында да, салдарлық тобында 
да іріңді инфекциялар мен асқынулы туберкулез, сепсис жиі байқалады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
166

Регенерация 
Жалпы мағлұмат 
Регенерация
(латынша: 
regeneratio 

жаңғыру) 

тіннің жойылған 
құрылымдық элементтерінің қалпына келуі (орнының толтырылуы). 
Биологиялық мәні жағынан регенерация – эволюцияда қалыптасқан, барлық тірі 
жүйелерге тән 
бейімделулік үдеріс
. Организімнің қандай да болмасын тіршілік 
әрекетін қамтамасыз ету үшін құрылыстық субстраттың шығыны мен оның 
орнын толтыру қажет. Сөйтіп, регенерацияда 
тірі материя өздігінен жаңара 
өніп
отыратындықтан, тірі жүйелердің осындай өздігінен жаңара өнуі тіршілік 
әрекеттері 
өздігінен реттеліп, автоматизмді
жүзеге асырады деген қағиданы 
растайды (Давыдовский И.В.,1969). 
Құрылымының жаңғыруы әртүрлі, яғни молекулалық, ультрақұрылымдық 
(субжасушалық) жасушалық, тіндік және мүшелік денгейлерде жүзеге асуы 
мүмкін. Бірақ қалпына келу деп әр уақытта арнайы қызметін атқара алатын 
құрылымдардың қалпына келуі аталады. Регенерация – 
құрылым
мен ол 
атқаратын қызметтің
қалпына келуі. Регенерацияның маңызы – 
гомеостаздың құрылымдық негізін қамтамасыз ету. 
Құрылым мен қызмет жасуша мен жасушадағы гиперплазиялық үдерістер 
арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан, регенерация жасушалық және 
жасушаішілік нысандарға бөлінеді (Саркисов Д.С.,1977). Регенерацияның 
жасушалық нысанында
жасушалар митоздық және амитоздық жолмен көбейсе, 
органоидтық та және органоидішілік те бола алатын, регенерацияның 
жасушаішілік нысанында
ультрақұрылымдар (ядро, митохондрия, рибасома, 
табақша кешен, т.б.) мен оның компоненттері көбейіп (гиперплазия), көлемі 
ұлғаяды (гипертрофия; 5,11,15-суреттерді қара). Жасушаішілік нысан барлық 
мүшелер мен тіндерге тән, сондықтан ол регенерацияның 
әмбебап
нысаны 
болып табылады. Бірақ мүшелер мен тіндердің арнаулы құрылымы және 
қызметінің барысында олардың бірінде жасушалық нысан, енді бірінде тек қана 
жасушаішілік нысан басым, ал басқаларында регенерацияның осы екі нысаны 
да фило- және онтогенезде тепе-тең дәрежеде «сұрыпталған». Мүшелер мен 
тіндердің бірінде регенерацияның бір нысанының, басқаларында басқа нысан 
басымырақ қалыптасуы олардың арнаулы құрылымы мен қызметіне 
байланысты (5-
кесте
). Мысалы, дененің жамылғы қабаттары үнемі тұтастығын 
сақтау қажет болғандықтан, тері мен кілегейлік қабықшалардың эпителийінде 
регенерация көбіне жасушалық нысанда жүзеге асады. Ал, мидың пирамидалық 
жасушалар қабатының, жүрек бұлшықеті жасушаларының арнаулы қызметі 
зақымын жасушалық нысанда қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді; 
сондықтан фило- және онтогенезде олардың субстраттарының регенерациясы 
тек қана жасушаішілік нысанда жүретін болып «сұрыпталуы» түсінікті жайт 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет