Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет21/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
28
ЖАСУША ЯДРОСЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ 
Оның морфологиялық мәні 

ядро мен ядрошықтың саны мен пішініне, 
құрылысы мен көлеміне және ядрода қосымша заттар пайда болуына, ядро 
қабықшасына қатысты өзгерістер. Ядролық патологияның ерекше бір нысаны 

ол митоздық патология; өйткені хромосомалық синдромдар мен хромосомалық 
аурулар ядродағы хромосомалардың патологиясымен байланысты.
Ядроның құрылысы мен көлемі 
Ядроның (интерфазадағы, интермитоздағы) құрылысы мен көлемі ең алдымен 
оның плоидтылығына, ядродағы ДНҚ-ның мөлшеріне және ядроның әрекеттік 
ахуалына байланысты болады; диплоидты ядродан тетраплоидты, ал 
тетраплоидтыдан октоплоидты ядро үлкен.
Жасушалардың көбінің ядросы диплоидты. Жасуша көбейген, яғни ДНҚ 
түзілген кезде (S-фазада) ядродағы ДНҚ-ның мөлшері екі еселеніп, митоздан 
кейін, ол, керісінше, азаяды. Егер ДНҚ түзіліп, диплоидты жасуша дұрыс 
бөлінбесе, тетраплоидты ядро пайда болады. Сөйтіп, жасушаның ядросындағы 
хромосомалар жиынтығы бірнеше есе көбейіп, 
полиплоидия
орын алады немесе 
тетраплоидты және басқа да жоғары плоидты жағдай қалыптасады.
Плоидты жасушаларды анықтау тәсілдері әртүрлі: оларды ядроның көлемі 
арқылы, интерфаза кезінде ядрода ДНҚ-ның көбеюі немесе митозды жасушада 
хромосомалар санының артуы арқылы анықтау. Қартайған кезде мүшелердің 
біразында полиплоидты ядролар саны көбейеді. Полиплоидтылық әсіресе 
репарациялық регенерацияға (бауыр), компенсациялық (регенерациялық) 
гипертрофияға (миокард), ісік үдерісіне тән. 
Жасуша ядросы құрылысы мен көлемінің өзгеруінің бір түрі 

анеуплоидия

яғни хромосомалардың толық жиынтығының болмауы. Анеуплоидияға 
хромосомалардың мутациясы себеп болады. Оның гипертетраплоидылық
псевдоплоидылық, «диплолоидтылау» болуы немесе үшплоидылық көбіне 
қатерлі ісіктерден байқалады.
Ядро мен ядролық құрылымдардың көлеміне плоидылықтың әсері жоқ, ол 
негізнен 
жасушаның
әрекеттік
ахуалына
байланысты. Сондықтан да 
интерфазадағы ядрода үздіксіз жүріп жататын үдерістер әр қилы болатынын 
ескреген жөн, яғни онда, біріншіден, S-кезеңде гендік материал 
репликацияланады
(«ДНҚ-ның жартылай консервативті» түзілуі, еселенуі); 
екіншіден, 
транскрипция
үдерісінің барысында РНҚ түзіледі, ДНҚ-ның 
репликациялануы және жасуша өзіне тән әрекетін атқару үшін, ядродан РНҚ 
ядролық шұрықтар арқылы цитоплазмаға тасымалданады. 
Хроматиннің сипаты мен орналасу реті де ядроның әрекеттік ахуалына 
байланысты. Құрылымы қалыпты тіндердің диплоидты ядроларының жиегінде 
конденсацияланған (тығыз хроматин) 

гетерохроматин
, ал басқа жерлерінде 
конденсацияланбаған (қопсыңқы) хроматин 

эухроматин
болады. Гетеро- 
және эухроматин ядроның әртүрлі белсенділік дәрежесін бейнелеп, 
гетерохроматин белсенділігі шамалы немесе белсенді емес, екіншісі 
белсенділігі едәуір дәрежедегі ядроға тән. Ядро әрекеті тыныштықтан өте 
жоғары белсенділікке, одан керісінше өзгеріп отыратындықтан, гетеро- немесе 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет