Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Асқазан қабырғасын түгел жайлап, диффузды өскен қатерлі ісік (карцинома)



Pdf көрінісі
бет216/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   832
Байланысты:
струков патан

94-сурет. Асқазан қабырғасын түгел жайлап, диффузды өскен қатерлі ісік (карцинома). 


Нуржігіт Алтынбеков 
190
95-сурет. Жуан сабақты полип. 
Ісіктің 
көлемі
өсу қарқынына, шығу тегі мен дамыған орнына қарай, әр алуан; 
консистенциясы
паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты: 
паренхима басым болса, жұмсақ, стромасы көбірек болса, қатты. Шеміршек пен 
сүйектен туындаған ісіктің консистенциясы, әдетте өте қатты. 
Ісікте, көбіне 
салдарлық өзгерістер
, яғни қабыну және некроз ошақтары, 
жалқаяқтану, ізбестену (петрификация), үдерістері жиі байқалады; кейде бұл 
өзгерістер сәулелік немесе\және химиялық емнің зардабы. 
Ісіктің 
микроскоптық құрлысы
да алуан түрлі. Бірақ барлық ісіктерге ортақ 
бейне де бар; әр ісікте үлесі өте құбылмалы паренхималық және стромалық 
бөлім болады. Ісіктің бірінде паренхима, екіншісінде, строма басым, ал 
үшіншісінде, паренхима мен строманың үлесі бірдей болуы мүмкін. 
Ісіктің 
паренхимасын
сол ісікке тән жасушалар түзіп, оның арнаулы 
морфологиялық бейнесін қалыптастырады. 
Стромасын
ісіктің өзі дамыған 
мүшесінің дәнекер тіні мен ісіктің өз жасушалары түзеді. 
Ісіктің паренхимасы мен стромасы арасындағы қатынас күрделі; көбіне ісік 
паренхимасының ерекшелігі оның стромасына байланысты. Өйткені ісіктік 
жасуша өсе келе, фибробластылардың көбеюі мен стромалық компоненттерді 
түзуіне түрткі болады. Ісік жасушасының бұл әрекеті, олардың қалыптасу тегіне 
(гистогенез) байланысты, сондықтан ісіктің гистологиялық құрылымына қарай, 
ол әрекет түрлі дәрежеде көрініс беріп, ісіктің әрқайсының стромасындағы 
талшықты дәнекер тін мөлшері түрлі көлемді болады. Ісік паренхимасындағы 
жасушалар фибробластылар белсенділігінің қарқынына ғана әсер етіп қоймай, 
өздері де строманың жасушааралық затын, яғни экстрацеллюлалық матриксті, 
мысалы, базал мембрана коллагенінің IV типін түзе алады. Ісіктік жасушалар 
сонымен қатар, ісік стромасында капиллярлар қалыптасуына түрткі болатын 
арнаулы белоктық затты – ангиогенинді де түзеді. 
Строманың құрамына қан тамырлары мен жүйкелік талшықтар кіреді. Ісіктің 
көбінің құрылысы мүшедегіге ұқсап, ол паренхимадан және үлесі әртүрлі 
стромадан құрылады; ондай ісік – 
органоидтық
ісік
деп аталады. Кейде, әсіресе 
толыспаған ісіктің стромасы нашар дамып, жұқа қабырғалы тамырлар мен 
капиллярлардан ғана түзіледі. Бұл – 
гистиоидтық
ісік
. Әдетте, ол жылдам өсіп, 
онда некроз тез дамиды. Енді бірде ісіктің құрамында паренхималық жасуша 
өте аз, ал строма басым болады; мысалы, 
фиброзды карцинома (скирр). 
Құрылысы өзі дамыған мүшенің (тіннің) құрылысына сәйкес ісік 
гомологиялық
ісік деп аталады. Жасушалық құрамы дамыған мүшенің 
құрылысынан ерекше ісік – 
гетерологиялық
ісік. Гомологиялық ісік – жетілген, 
толысқан, ал гетерологиялық ісік – жетілмеген, шала толысқан немесе 
толыспаған ісік. 
Ұрықтық кезеңде қалыпты орнынан ауытқыған тіннен дамыған ісікті 
гетеротопиялық
ісік
деп атайды (мысалы, жатырдың қабырғасында немесе 
өкпедегі сүйектік ісік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет