Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет218/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   832
Байланысты:
струков патан

 
атиппизмнің
 
нышандары
 
электрондық микроскоппен 
анықталады. 
Эндоплазмалық 
тордың 
мембраналарымен 
байланысқан 
рибосомалармен бірге, олардың дөңгелек шоғырлар (розеткалар) мен тізбектер 
түзетін түрлері де көбейеді. Митохондрияның пішіні, көлемі мен орны өзгереді 
(97-сурет). Аномал митохондриялар пайда болады. Митохондриялардың кері 
немесе төмен активті цитохромоксидазасы, оның қызметтік гетерогендік 
деңгейін айтарлықтай әлсіретеді. Цитоплазма азаяды; ядро ұлғайып, оның 
хроматині шашырай немесе маргинал (шеткері) ораналасады. Ядроның, 
митохондриялардың, эндоплазмалық тордың мембраналарында көптеген
қалыпты жағдайда сирек кездесетін жалғамдар пайда болды. Гибрид-жасушалар 
(98-
сурет
) да ультрақұрылымдық деңгейдегі жасушалық атипизмнің бейнесі. 
Кейде толыспаған атипиялы жасушаларға түпкі (стволовая), шала түпкі және 
ізашар жасушалар араласады. 
97-сурет. Ісіктік жасушадағы ультрақұрылымдық атипизм
. М — митохондриялар, Я — ядро. 30 000.
 
98-сурет. Гибрид-жасуша (ө
кпе карциномасы
)
. Эндокриндік жасушаның (секреттік гранула – СГ) және 
пневмоциттің II типінің (осмиофилді мультиламеллярлы денешік – МЛД) нышандар бар. Я — ядро. 
12 500.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
192
Электрондық мироскоппен зерттегенде ультрақұрылымдық атипизммен бірге, 
ісіктік жасушалардың арнаулы, 
яғни жоғары, орташа, төмен дәрежелі 
толысу 
деңгейі де анықталады. 
Жоғары дәрежеде
толысқан ісіктік жасушаларға әртүрлі дәрежеде толысқан 
жасушалар типі араласады (мысалы, өкпе карциномасында І және ІІ типті пневмоцит, 
кірпікшелі немесе шырышты жасушалар). 
Орташа дәрежеде
толысқан ісікте 
жасушалардың бір-ақ типі немесе гибрид-жасуша болады (мысалы, өкпе карциномасы 
тек қана пневмоцит немесе шырышты жасушар, кейде пневмоцитке де, шырышты 
жасушаға да тән ультрақұрылымдары бар гибрид-жасуша). 
Төмен дәрежелі 
ісіктің 
кейбір жасушаларында толыспағандағы ультрақұрылдымдық нышандардың бірен-
сараны ғана кездеседі. 
Толысқан ісіктік жасушалар тобындағы электрондық микроскоппен 
анықталатын арнаулы ультрақұрылымдық нышандардың, яғни толысу 
нышандарының айқындық дәрежесі біртекті емес: ісіктік жасушаның кейбіреуі 
сол типтің қалыпты элементімен ұқсас болса, енді біреуінен, жасушаның нақты 
бір типіне тән арнаулы нышандар табылады. 
Ісіктің нақты диагнозын анықтау үшін электрондық микроскоппен зерттеп, 
ісіктік жасушаның толысу дәрежесін дәйектеудің маңызы зор. Ісіктік 
жасушаның ультрақұрылымын талдау қатерлі ісікте толыспаған түпкі және 
ізшар жасушалар басым болатынын көрсетті. Ісікте толысқан жасушалар 
көбейсе және олардың толысу дәрежесі үдесе, онда ісік жетіліп, қатерлілік 
дәрежесінің төмендегені. 
Биохимиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет