Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет214/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   832
Жалпы мағлұмат 
Ісік
, яғни 
жаңа
ө
скін

бластома
(грекше: 
blasto

бүршік, өскін) 

жасушалар 
тоқтаусыз көбейетін патологиялық үдеріс. Ісікке айналған жасушаның өсуі мен 
толысуының (дифференцировка) бұзылуы гендік өзгерістермен байланысты. 
Ісіктік жасушаның организмнің реттеу әсеріне бағынбай, 
автономды
, яғни 
ретсіз
ө
суі
– ісіктің негізгі қасиетінің бірі. Ісіктік жасушада қалыпты жасушада 
болмайтын ерекше қасиеттер пайда болады. Ол жасушаға, оның құрылысына, 
зат алмасуы, қызметі, көбеюі мен толысуына қатысты қасиеттер 

жасушалық 
атипизм тән. Қалыпты жасушада кездеспей, тек қана ісіктік жасушада пайда 
болатын қасиеттер 
анаплазия
(грекше: 
ana
– кері, 
plasis

қалыптасу, түзу) 
немесе 
катаплазия 
деп аталады (грекше: 
kata

төмен, 
plasis

қалыптасу, 
түзу). 
«Анаплазия» мен «катаплазия» атауларының мазмұндық мәні бірдей 
емес. Анаплазия ұғымы бойынша, ісікке айналу барысында жасуша кері 
толысып, эмбриондық қасиеттер қалыптастырады. Соңғы жылдары бұл 
атау сыналып жүр. Өйткені ісіктік жасуша да, әдетте арнаулы сипатта 
толысып, оның ультрақұрылымдары да айтарлықтай дәрежеде болады. 
«Катаплазия» ұғымы бойынша, ісіктік жасуша кері дамымайды, онда тек 
ерекше қасиеттер ғана пайда болады. Бұл атау қазіргі ғылыми әдебиетте 
көбірек қолдау табуда. 
Ісіктің дамымайтын тіні мен мүшесі жоқ және ол адамда ғана емес, көптеген 
жануарлар мен өсімдіктерде де кездеседі. 
Эпидемиологиялық
деректер онкологиялық аурулармен сырқаттанудың 
және өлім-жітімнің жиілігі әр елде әртүрлі екендігін дәйектейді. Ісіктің дамуы 
табиғи және биологиялық факторларға, әлеуметтік ортаға, әдет-ғұрыпқа, 
белгілі бір елдегі тұрғындардың тұрмыстық салтына байланыстылығы да 
айқындалған. ДДҰ-ның (ВОЗ) мәліметі бойынша, ісіктердің 90%-дайы сыртқы 
факторлардың әсерінен дамиды. 
Статистикалық
деректерде дүние жүзі елдерінің бәрінде де карциномамен 
ауырып, одан өлгендер саны өсуде. Бұл ауруды анықтаудың, қатерлі ісікке 
шалдыққандарды есепке алудың жақсарғандығынан және дүние жүзі халықтары 
арасына қарт адамдар үлесінің көбеюінен деп те түсіндіріледі. 
Жыл сайын дүние жүзінде қатерлі ісіктермен 5,9 млн. астам адам 
ауырады. Дамыған елдерде қатерлі ісіктік өлім-жітімнің интенсивтік 
көрсеткіші әр 100000 тұрғынға 182 болса, даму жолындағы елдерде – 65. 
Дүние жүзінде асқазан карциномасынан жыл сайын 575000, өкпе 
карциномасынан – 600000, сүт безі карциномасынан – 250000 адам өледі. 
Ісікпен сырқаттану және олардан болатын өлім-жітімнің дүние жүзінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет