Ядроның қабықшасы Ядроның қабықшасы әртүрлі әрекет атқарады, ол бұзылса, жасушада
патология орын алуы мүмкін.
Ядроның пішіні мен көлемінің тұрақтылығына оның қабықшасы тікелей
қатысты. Бұған ядроның ішкі мембранасынан басталып, ішінде түзілетін
түтіктер мен ядроның маңындағы қосымшалар дәлел; мысалы, миокардтың
гипертрофиясы, өкпе фиброзы, жүйелік васкулит, саркоидоз, бауыр ісігі,
дерматомиозит кезінде; 7-сурет).
7-сурет. Дерматомиозит. Эндотелиоциттің ядросының төңірегіндегі микротүтікшелік қосымшалар .
15 500.
Ядроның қабықшасы
репликация мен
транскрипцияны жеңіл жүзеге асыру үшін ДНҚ бекитін орын , өйткені ядроның қабықшасында хроматин жасақтаған
(модулированные) құрылымдар бар және олар хроматиннің дұрыс құрылып,
орналасуын қамтамасыз ететіні белгілі. ДНҚ-ның белсенділігі оның жасуша
бөлінгенде дұрыс үлестірілуіне және интерфазадағы конденсациялануына
(шоғырлануына) байланысты
егер қабықша зақымдалса, ол үлестірілген жерлер
өзгеріп, жасушада патология орын алуы мүмкін.
Ядроның қабықшасы
физикалық бөген де, нуклеоплазмалық заталмасудың жасақшысы (модуляторы) да
қабықшаның өзгеруіне оның шұрықтарының
модулі және РНҚ-ның цитоплазмаға бөліну қарқыны сәйкес келеді. Ядро
қабықшасы РНҚ-ның цитоплазмаға тасымалдануын қадағалау арқылы
патологиялық жағдайдағы жасушаның гомеостазына едәуір әсер ете алады.
Ядро қабықшасының мембрана түзудегі рөлі әлі толық дәлелденбеген.
Дегенмен, ядро қабықшасының мембранасы цитоплазмадағы эндоплазмалық
торға тікелей ұласатынын ескере келе, бұл әрекетке қатысы болуы да мүмкін.
Ядроның қабықшасындағы ферменттер ядроның әрекетіне де әсер ететін сияқты, өйткені оның құрамында детоксикациялық ферменттермен қоса,
аденилатциклаза, инсулиннің рецепторлары сияқты «гормондық басқаруды»
қамтамасыз ететін заттар бар.