Нуржігіт Алтынбеков
194
Сонымен, қатерлі ісікте байқалатын мынадай фенотиптік негізгі нышандарды
атап өтуге болады: ісіктік жасуша
белгілі дәрежеде агрессиялы
(инфильтрациялы өседі), өзара әрекеттеспейді (жасушалық жалғамдарын
жоғалтып, жасушалық кешеннен шығып қалады), бірақ ол толық дербестікте
деуге де болмайды және түрлі дәрежеде толысып, шамалы немесе, тіпті толық
дәрежеде өз қызметін де атқара алады.
Ісіктің өсуі
Ісіктің
толысу дәрежесіне
қарай, үш өсу түрі (жолы) бар: экспансиялы,
аппозициялы, инфильтрациялы (инвазиялы).
Экспансиялы жолмен
ісік төңірегіндегі
тіндерді ығыстырып, «өзі-өзінен»
өседі. Ісіктің айналасындағы паренхималық элементтер семіп, мүшенің
стромасы қабысып, ісікті қоршап, қабық тәрізденіп, қоршайды (псевдокапсула –
жалған қабық). Экспансиялы жолмен баяу дамитын,
жетілген, қатерсіз ісіктер
өседі. Кейбір қатерлі ісіктер де экспансиялы жолмен өсе алады (бүйрек
карциномасы, қалқанша бездің карциномасы, фибросаркома, т.б.).
Аппозициялы жолмен
өскен кезде ісік алаңындағы қалыпты жасушалар ісіктік
жасушаға айналады («
Ісіктің морфогенезін
» қ
ара
).
Инфильтрациялы, яғни инвазиялы, жолмен
ісіктік
жасушалар қоршаған
тіндерді зақымдап (
диструкциялы
), арасына жайыла (
инвазиялы
) өседі. Ісік,
әдетте кедергі аздау бағытта, тінаралық саңылауларды, жүйкелік талшықтарды,
қан және лимфа тамырларының бойын қуалай жайылады. Ісіктік жасуша
кешендері ол құрылымдарды ыдыратып, қанға және лимфаға өтіп,
жұмсақ
дәнекер тінге жайылады. Егер ісіктік жасушаның жайылу жолында мүшенің
қабығы, мембраналар мен басқа тығыз тіндер кездессе, ісіктік жасуша
алғашында олардың үстіне ғана жайылып, кейін
қабық пен мембраналарды
бұзып, мүшеге тереңдей өседі (99-сурет). Міне осыдан, инфильтрациялы өскен
ісік айқын шектелмейтіні, басқа тіндермен шекарасының айқын болмайтыны
түсінікті. Инфильтрациялы өсу жылдам дамитын, жетілмеген
қатерлі ісіктерге
тән.
Достарыңызбен бөлісу: