Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Карциноманың инфильтрациялы (инвазиялы) өсуінің тәсімдік бейнесі



Pdf көрінісі
бет222/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   832
Байланысты:
струков патан

99-сурет. Карциноманың инфильтрациялы (инвазиялы) өсуінің тәсімдік бейнесі:
1 — атипизмді және 
полиморфизмді жасуша; 2 — инфильтрациялы өсу; 3 — астындағы тінді жайлаған; 4 — атипиялы 
митоз; 5 —лимфалық тамырға жайылған — лимфогендік метастаз; 6 — қан тамырына жайылған — 
гематогендік метастаз; 7 — перифокал қабыну.
 
Ісіктің 
қуысты мүшенің саңылауымен
арақатынасына қарай, эндофитті және 
экзофитті өсу түрлері орын алуы мүмкін. 
Эндофитті өскенде 
ісік мүшенің 
қабырғасына терең, инфильтрациялы жайылады. Өсудің бұл түрінде ісік 
кілегейлі қабықшаның үстіңгі бетінен көрінбейді (мысалы, асқазанның
қуықтың, бронхының, ішектің); қабырғасын кескенде ғана көрінеді. 
Экзофитті өсу
– ісіктің мүшенің қуысына қарай, бағытталып, экспансиялы 
өсуі (мысалы, асқазанның, қуықтың, бронхының, ішектің). Ісік мүшенің 
қабырғасымен жіңішке сабақ арқылы ғана жалғасып, оның қуысын түгел 
жайлап кетуі де мүмкін. 


Нуржігіт Алтынбеков 
195
Алғашқы 
қалыптасқан ошақтар санына
қарай, ісіктердің 
уницентрлі
(жалғыз ошақты) және 
мультицентрлі
(көп ошақты) түрлері болады. 
Қатерсіз және қатерлі ісіктер 
Ісіктер 
клиника-морфологиялық ерекшеліктері
тұрғысынан: 1) қатерсіз; 2) 
қатерлі; 3) өскен жерін зақымдайтын, яғни диструкциялы деп жіктеледі. 
Қатерсіз, 
яғни
 жетілген ісік
толысу деңгейі оны туындатқан тінді көбіне тап 
басып тануға мүмкіндік беретін жасушалардан құрылады (
гомологиялық
ісік
). 
Олардың органтиптік және гистотиптік толысуы бұзылады. Ісіктің бұл түрі 
организмге өлім қатерін туғызбайды және, әдетте метастаз жаймайды. Қатерсіз 
ісік қаупі, оның дамыған жерінің организм үшін маңыздылығына байланысты 
болады. Мысалы, мидың қатты қабығының қатерсіз ісігі ми мен жұлынды 
қысып, ОЖЖ-ның қызметін зақымдап, қатер туғызуы мүмкін. Қатерсіз ісікте
әдетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет