Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет228/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
199
Ісіктік прогрессия 
1969 ж. Л. Фулдс эксперименттік онкология деректеріне сүйеніп, 
ісіктік 
прогрессия 
теориясын ұсынған-ды. Бұл теория бойынша, ісік – даму барысында 
сапалық айырмашалығы бар кезеңдерден өте келе, әр саты сайын өрлемелі 
(прогрессиялы) сипатта өзіне тән тұқымқуалайтын, айқын бейнелі қайтымсыз 
нышандарды жинақтай отырып, қалыптасатын үдеріс. Ісікке айналу үдерісі 
жасуша клондарының іріктелуі немесе ісік жасушасы мутациясы арқылы, 
жасушаның бір популяциясының басқа популяцияға алмасуының нәтижесінде 
сатылай жүзеге асады. Сөйтіп, ісіктік жасуша біртіндеп дербестеніп, дамыған 
ортасына өте жақсы бейімделе алатын болады. 
Ісіктік прогрессия теориясы бойынша, қатерлі ісіктің даму кезеңдерінің ауысу 
мерзімі мен оған тән қасиеттер бір бірімен түрлі сипатта сабақтасуы мүмкін 

ртүрлі ісіктік нышандардың тәуелсіз прогрессиясы
). Сондықтан тегі бір 
ісіктер әрқайсысына тән сипатты түрлі жолмен қалыптастырып, олардың бірі 
соңғы сипатына күрт, яғни тікелей жолмен жетсе, басқа біреуі бірқатар аралық 
кезеңдерден өтіп, 
прогрессияның барысында балама жолды іріктей отырып 
дамиды. Соның өзінде де, ісіктің прогрессиясы 
толық аяқталды 
деп есептеуге 
болмайды. 
Ісіктік прогрессия теориясы бойынша, қатерсіз ісік – қатерлі ісіктің әрдайым 
қатерліге айнала бермейтін, прогрессиялы даму фазасының бірі. Сондықтан 
қатерсіз ісіктердің 
қатерлілену
(малигнизация) 
қаупі
жоғары
және 
төмен
түрлерге бөлінеді. Ісіктік нышандардың тәуелсіз, прогрессиялы өсу қабілеті 
тұғысынан, кейде қатерсіз ісіктің метастаз жаю, ал гистологиялық 
құрылысында қатерлілік нышандары айқын ісіктердің инвазиялы өсу себебін 
түсінуге болады. Бұл жағдай ісіктердің беталысы жайлы тап басып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет