Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет230/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   832
Байланысты:
струков патан

қажетті деңгейде қалыптаспаған
. Оған: 
1) қанайналымындағы ісікке қарсы антиденелердің ісіктің өсуін үдетуі (үдету 
эффектісі тәрізді); 2) қанайналымындағы ісіктік антигендер лимфоциттер 
бетіндегі «ісікке қарсы» арнаулы рецепторды тежеуі себеп болады (Петров 
Р.В,1982). Сондай-ақ иммунологиялық толеранттылықты, ісіктің өзінің 
иммунитетті тежейтінін, ісіктің өсуі мен иммундық жауаптың қалыптасу 
қарқынының арасындағы қайшылықтың, ісіктің кейбір антигендерін тектік 
негізде 
қалыптасқан 
«жауапсыз 
қалдыру 
мүмкіндігінің», 
тимустың 
иммунологиялық бақылау кемшіндігінің әсерін де жоққа шығаруға болмайды. 
Ісіктің этиологиясы (каузальдық генезі) 
Ісіктің этиологиясын пайымдауға арналған пікірлерді мынандай негізгі төрт: 
1) вирустық–генетикалық, 2) физикалық–химиялық, 3) дизонтогенездік және 4) 
полиэтиологиялық теорияға сыйдыруға болады. 
1. Вирустық–генетикалық теория
ісіктің дамуында шешуші рөлді 
онкогендік вирус атқарады деп есептейді. Вирустық-генетикалық теорияның 
мәні қалыпты жасушамен вирус геномының, яғни вирустың нуклеин қышқылы 
мен ісікке айналатын жасушаның генетикалық аппаратының бірігуінде деген 
түсінік болып табылады (Зильбер Л.А.,1968). Онкогендік вирустарға ДНҚ–лы 
және РНҚ–лы вирустар (онкорнавирустар) жатады. Адамда дамитын ісіктердің 
этиологиясы ретінде Энштейн-Баррдың герпес тәрізді вирусы (Беркит 


Нуржігіт Алтынбеков 
201
лимфомасы), герпестік вирус (жатыр мойыны карциномасының), В гепатиттің 
вирусы (бауыр карциномасы) сияқты және басқа кейбір экзогенді (ДНҚ-лы 
және РНҚ-лы) вирустар маңызды орын алады. Бүгінгі таңда экзогендік 
вирустармен қатар, онкорнавирустарға жататын эндогендік онкогендік вирустар 
да белгілі. Бұл вирустар қалыпты жағдайда жасуша геномының интегралдық 
(тұтасқан) бөлігін құрайды да, кейбір әсерден кейін адам организмінде ісік 
дамыта алады. Вирустық-генетикалық теория бойынша, канцерогенез үдерісі 
екі фазадан қалыптасады; оның әр фазасында вирус әртүрлі рөл атқарады. 
Канцерогенездің бірінші фазасында вирус жасушаның геномын зақымдап, оны 
ісік жасушасына айналдырса, екінші фазасында, жаңадан пайда болған ісіктік 
жасушалар көбейіп, вирустың ешқандай әсері болмай қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет