Нуржігіт Алтынбеков
197
жатқызады. Ал гиперплазия, дисплазия мен метаплазиялы ошақтар
нағыз
ісікалдылық үдерістер
деп есептеледі. Соңғы кезде, әсіресе
дисплазияға
ерекше
мән беріліп жүр.
Карциномаалдылық үдерістер облигаттық және факультативтік топқа бөледі.
Облигаттық топ
, яғни үнемі карциномаға ұласатын карциномаалдылық
үдерістер тұқымқуалауға бейім. Мысалы, тоқ ішіктің тума палипозы,
пигменттік ксеродерма, нейрофиброматоз (Реклингхаузен ауруы), көздің торлы
қабықшасының нейробластомасы, т.б.
Факультативтік карциномаалдылық
топқа гиперплазиялы–дисплазиялы үдерістер мен дисэмбриоплазиялар
жатқызылады. Сонымен қоса, карциноманың
жасырын (латенттік) кезеңі
,
яғни карциномаалдылық үдерістен карцинома дамығанға дейінгі кезеңі бар. Ол
кезеңнің мерзімі организмнің әр жерінде дамитын ісіктер үшін әртүрлі; кейде
30–40 жылға созылады. «Карциноманың латенттік кезеңі» деген ұғым
облигаттық карциномаалдылық үдерістерге қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: