Нуржігіт Алтынбеков 207
Бауыр Бауыржасушалық аденома (
гепатоаденома ,
гепатома ) – гепатоциттерден
құрылған, ұсақ трабекулалар түзетін қатерсіз ісік. Ол, әдетте балаларда
кездеседі.
Бауыржасушалық (гепатоцеллюлалық) карцинома бауырдың бір бөлігін
түгелдей қамтыған ірі, жалғыз түйін (
ауқымды нысан ), бірнеше жеке-жеке
түйіндер (
түйінді нысан ) немесе бауырды диффузды жайлаған, әрең
байқалатын түйіншектер (
диффузды нысан ) түрінде болады. Ісік белгілі бір
бітімі жоқ, ретсіз жайғасқан трабекулалар қалыптастыратын, атипиялы
гепатоциттерден құрылады. Оның азғантай стромасында жұқа қабырғалы қан
тамырлары болады.
Бүйрек Бүйректің
қатерсіз ісіктеріне әртүрлі аденомалар, ал
қатерлі ісіктеріне
бүйрек-жасушалық карциноманың әртүрлі варианттары жатады.
Бүйректің аденомасы қоңыржасушалық (
базофилді ), ашықжасушалық
(
гипернефроидты ) және ацидофилді болады.
Қоңыр-жасушалық (базофилді) аденоманың құрылымы – солидтық тубулалы
аденома немесе цистопапиллома. Кейде ол мүшені түгел жайлап, бүйректің тіні
жиегінде жұқа жолақ түрінде ғана қалуы мұмкін.
Ашық-жасушалық (гипернефроидтық) аденома – әдетте, кесіндісінің беті сарғыш түсті, кейде қан
құйылған ошақтар ұшырасатын, кішіріктеу, қабықпен шектелген түйін; ол
цитоплазмасында липидтер мен гликоген мол, ашық түсті, ірі полиморфты
жасушалардан құрылады.
Ацидофилді аденома – көлемі өте үлкен бола алатын,
сирек ісік. Оның құрылымы тубулалық, солидты немесе папиллалы, ал
жасушалары
полигональді,
цитоплазмасы ашық
түсті
ацидофильды
түйіршіктенген.
Бүйрек-жасушалық (гипернефроидтық) карциноманың мынандай
варианттары бар: ашық-жасушалы (гипернефроидтық); түйіршікті жасушалы
(қоңыр-жасушалы); ұршық пішінді және полиморфты-жасушалы (саркома
тәрізді); безді (бүйрек аденокарциномасы); аралас карцинома. Олардың ішінде
ашық-жасушалы және безді варианттар жиірек байқалады.
Ашық-жасушалы (гипернефроидтық) карцинома – бүйректің ең жиі
кездесетін қатерлі ісігі. Ісік – тіні жұмсақ, тарғыл түсті түйін Ол липидті,
цитоплазмасы ашық түсті, полигональді және полиморфты, митоз мол
жасушалардан қалыптасады. Карцинома жасушалары синусоидтық тамырлар
араласқан, азғантай стромамен шектелген альвеолалар мен бөлікшелер, безді
және бүрлі құрылымдар түзеді. Бұл ісікте, әдетте некроз бен қанды ошақтар
байқалады. Оған бүйрек түбекшесін жайлап, веналардың өне бойын («ісіктік
тромб») қаулай өсу тән. Метастаздары гематогендік жолмен өкпеге, сүйекке,
бауырға және екінші бүйрекке де тез жаяды.
Безді карцинома (бүйрек аденокарциномасы) – тарғыл түсті, жұмсақ түйін.
Ісік тубулалық және бүрлі құрылымдардан түзіледі: оның жасушалары ірі,